Call-center 1411

You are here

Ақтөбе қаласында кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Ағымдағы жылғы 23 мамырда Ақтөбе қаласында 4-ші кезекті қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді. Жәрмеңке бағдарламасы:
1. Жұмыс берушілердің жұмыссыз азаматтар арасында әңгімелесу жүргізуі.
2. 2018 жылдан бастап еңгізілген жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша және http://www.enbek.kz электрондық еңбек биржасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
Аталған іс-шара мақсаты: – жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы және аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту. Сонымен қатар, жәрмеңке қатысушыларына Бағдарлама аясында шағыннесие алу, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту, жоғары, арнаулы-орта оқу орындары түлектеріне мамандықтары бойынша  еңбек  өтілін  жинақтау  мақсатында  жастар тәжірибесі  ұсынылды және «Гүлдене бер,туған ел!» акциясы аясында жоғары сынып оқушылары мен студенттерді жазғы каникул кезінде қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына бағыттау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңкеге қатысқан азаматтардың мәртебесін анықтау жұмыстары өткізілді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 52 мекеме білім, денсаулық сақтау, құрылыс, сауда және қызмет көрсету саласы бойынша 336 жұмыс орны ұсынылды. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылы 11 бос жұмыс орындары жоспарланды.
Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімімен өткізілетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің кестесі бекітіліп, Ақтөбе қаласы әкімдігінің akimat_aktobe, жұмыспен қамту бөлімінің aktobe_ozsp инстаграмм сайттарында жарияланды. Жыл басынан бері 3 кезекті және 5 мамандандырылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 397 адам жұмысқа орналастырылды.
Сонымен бірге, Қылмыстық атқару жүйесі Департаментімен бірлесіп, бас бостандығынан айыру жерінен босап шығатын тұлғалар үшін «Қақпа алдындағы жүздесу» атты жобаны жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспары жасақталған болатын. Бүгін, КА-168/2 мекемесінен босап шыққан 1 азаматты осы жоба аясында, өтіп жатқан бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне алып келіп, жұмысқа жолдама беріледі.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
23.05.2018