Call-center 1411

You are here

Мемлекеттік Бағдарлама арманының орындалуына көмек берді

Бағдарлама қатысушысы Бектлеуова Мадина Амангосқызы, туған жылы - 18.06.1978. 2017 жылдың 8 желтоқсан айында Бектлеуова Мадина жұмыспен қамту орталығына жолығу барысында "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының" екінші бағыты жөнінде мамандардан кеңес алып, Ақтөбе қаласында әсемдік салонын ашу мақсатында шағын несие алуға ниет білдірді.
Жолығу барысында ол жеке кәсіпкер статусына ие болған. Бектлеуова Мадина мемлекеттік Бағдарлама аясында 2018 жылдың 2 ақпан айында Ақтөбе қаласында әсемдік салонын ашу мақсатында 14,7 млн. тг көлемінде шағын несие алды. Мадина алған қаражатына бизнес үшін арналған жылжымайтын мүлікті және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, ісін бастап кетуде. Бүгінгі күнге Мадина 2 адамды тұрақты жұмыс орнына қабылдап, қаланың дамуына өз септігін тигізуде. Ол Бағдарламаның төмен пайыздық мөлшерлемесі, икемді қарызды өтеу кестесі, қарызды өтеуді кейінгі қалдыруды ерекше атап өтіп, несие саясатына қолдау білдіретінін жеткізді. Бағдарламаға қатысу Біздің мемлекеттің дамуы үшін үлкен септігін тигізеді.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 22.05.2018