Call-center 1411

You are here

Жаңа «маникюр» мамандық бастамасы

Илиясова Гулназ Избаскановна, 05.08.1988 жылы туылған, аз қамтылған отбасы. Жұмыссыз азамат бола тұрып, 2018 жылы сәуір айында Қордай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, бағдарламаның 1 – бағыты «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 3 айлық қысқа мерзімдік кәсіптік оқу бойынша “Интенсив Білім” оқыту орталығына «Маникюр» мамандығы бойынша жолданып, оқуын шілде айында аяқтайды. Аталған бағдарлама бойынша үкімет тарапынан оқуды тегін оқып, сонымен қатар оған шәкіртақы төленеді. Илиясова Гулназ Избаскановна Елбасымыздың бастамасымен қолға алынып, нәтижелі іске асырып отырған бағдарламаны ауданда іске асырып отырған Қордай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығынына алғысы шексіз.

Регион: 
Жамбыл облысы