Call-center 1411

You are here

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасынының жүзеге асырылуы бойынша

Бағдарлама аясында 20269 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету жоспарланып, ағымдағы жылдың 1 мамырға 7224 адам әртүрлі шаралармен қамтамасыз етілді. Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға облыстың 13 білім беру ұйымдарында 36 мамандық бойынша 800 адамды оқытуға жоспарланды.
Оқыту ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Сонымен қатар, облыстың 23 колледжі мен 13 оқу орталығына жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1500 адамды жолдау жоспарланып,есепті кезеңге 519 адам оқуға жолданды. Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 611 адамға 4 293,9 млн. теңге көлемінде несие беру, 26 адамға 100 АЕК дейін гранттар беру жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 мамырға 16 адамға 246,2 млн. теңге көлемінде несие берілді (2017 жылдың қаражаты есебінен). Сонымен қатар, 12 аудан бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 2071 адамды оқыту жоспарланды.
Бағдарламаның үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша - 770 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 774 адам жолданды, соның ішінде Бағдарлама аясында 559 адам - 1314 жас маманды "жастар практикасына" жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 611 адам жолданды, соның ішінде Бағдарлама аясында 398 адам - 5067 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 2539 адам тартылды. Жаңа Бағдарламаны іске асыру барысында жыл соңына қарай жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0% (2017 жылдың қортындысы бойынша 4,9%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,0% (2017 жылдың қортындысы бойынша 3,9%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4% (2017 жылдың қортындысы бойынша 5,3%) құрайды деп жоспарлануда.

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
17.05.2018