Call-center 1411

You are here

«Almaty Yourth and Women 2018» бизнес форумы

Үстіміздегі жылғы 15 мамырда Алматы көп бейінді колледжінде «AlmatyYourthandWomen 2018»- «Еңбек» "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында, жас кәсіпкерлерді біріктіретін, алғашқы іскерлік форумы.
«AlmatyYourthandWomen 2018» басты мақсаты –балалар үйлерінің түлектері, ауыл жастары, мүмкіндігі шектеулі жастар, тәрбиеленушілер арасында, тұрақты өсу мен табысқа ұмтылатын, жас кәсіпкерлерді жинау. Форумда талқыланған мәселелер: Қалай табысты болу керек және барлығына үлгеру қажет? Өз бизнесіңді қалай дамытасың? Өзіңді қалай жігерлендіресің және басқаларды табысты болуға ынталандырасың? Қалай сатасың және қорықпайсың ба?Қалай өз өзіңді жұмыспен қамти аласың? Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры М.Сүйіндіков «Еңбек» "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша сөз сөйлеп, Жұмыспен қамту орталығы ұсынатын барлық қызықтырған мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша толық түсіндіріп берді.

Аймақ: 
Алматы қ.
16.05.2018