Call-center 1411

You are here

Жамбыл ауданында кәсіпкерлікті дамыту

Рубас Владимир Павлович 1959 жылы Мамлют ауданының Ленин ауылында туған. Мектепті бітіргеннен кейін Петропавл техникалық ауыл шаруашылық  училищесіне оқуға түсті.Училищені бітіргеннен кейін Симаки ауылында жұмыс істеді. Үйленген, төрт бала өсірді. Владимир Петровичтің мықты шаруашылығы: 100-ге жуық ірі қара малы, 500 га егіндік жері, дүкені бар. Жұбайымен және баласымен бірге еңбек етеді, екі адам жалға істейді. Ауқымды шаруашылыққа қызмет ету үшін қосымша техника сатып алу қажеттілігі туындады, алайда қаражат жеткіліксіз болды. 2017 жылы Владимир Петрович Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді, онда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жеңілдетілген кредит алуға кеңес берді.
В.Рубас құжаттар топтамасын ресімдеп, 6,0 млн. теңге сомасында кредит алды. Владимир Петрович осы қаражатқа орамды пішен жинағыш, шөпшапқыш сатып алды. Оңалып келе жатқан малға аз уақыт ішінде және мол жемазық дайындау мүмкіндігіне ие болды. Бұдан өзге, Владимир Петрович қыс мезгілінде өз бастамасы бойынша туған ауылы көшесінің қарын тазалайды.

Аймақ: 
Алматы қ.
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 25.04.2018