Call-center 1411

You are here

Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенттерімен дөңгелек үстел өтті

2018 жылдың 10 сәуірінде Алматы құрылыс-техникалық колледжінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы  К.Жекетаев, бөлімнің маманы Ж.Тұрғынова, кәсіптік оқыту бойынша директордың орынбасары С.Кубалаева және 2-курстың 100 студенті – 81, 91, 93 және 94 топтар қатысты.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өткізген, кәсіптік бағдар берудің негізгі мақсаты - студенттердің кәсіп таңдауда оның бағалығын, мүмкіндігі мен болашағын ескеріп, саналы таңдауына әсер ету. Жұмыспен қамту орталығының басшысы мен маманы жұмыспен қамту орталығы туралы кеңейтілген ақпарат, оның ішінде, кәсіптік бағдар беру бөлімі туралы, халыққа көрсетілетін әлеуметтік қорғау шаралары туралы, студенттер үшін кәсіптік бағдар беру жұмыстары туралы, түлектер үшін жастар тәжірибесінің артықшылығы туралы, демалыс күндері кезеңінде қоғамдық жұмыстар туралы ақпараттар ұсынды. Сұхбат аяқталғаннан кейін студенттер мамандыққа қатысты, әртүрлі сұрақтар қойды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы туралы слайдтар көрсету ұйымдастырылды. 100 колледж студенттерімен сауалнама жүргізілді, «Электронды еңбек биржасы бойынша тіркеу туралы» 100 жадынама мен 100 кітапшалар таратылды.
Сауалнама жүргізу қорытындысы бойынша 66 студент дұрыс мамандық таңдаған: 38 адам мамандығына қызығушылық танытса, 12 адам аталған мамандығының қабілеттігін білген, 6 адам ата-анасының пікірімен келіскен, 5 адам материалдық салауаттылығымен, 5 адам қаладағы кадр қажеттілігінен таңдаған. Колледжді аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнына барғысы келетін немесе жұмыс істеймін деген 48 адам болса, 11 адам жауап беруге қиналды және 7 адам басқа мамандыққа қызығушылық танытқан. Студенттер жұмысқа орналасқысы келген лауазымдар: компания офистеріне менеджер, бағдарламашы, дәнекерлеуші, ЭВМ операторы, құрылысшы, дизайнер, кәсіпкер, инженер, сәулетші, ақпаратты жүйелер дизайнері, робот-техник. Дөңгелек үстел басында қойылған әртүрлі сауалдарға түбегейлі жауаптар берілді және пайдалы ақпараттар ұсынылды.

Аймақ: 
Алматы қ.
17.04.2018