Call-center 1411

You are here

«Наурыз» Жаппай сатылым

2018 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «Алма-Ата» әйелдер клубының ұйымдастырумен «Наурыз» жаппай сатылым атауымен өткен қарттарға тегін нан тарату акциясына қатысты.
Жаппай сатылымда арзан бағамен мыңдаған қажетті және пайдалы заттарды келушілердің сатып алу мүмкіндігі болды. Бағасы 100 тенгеден жоғары үйге арналған заттар, киім, аяқ киім, ұсақ-түйек заттар, парфюмерия, тұрмыстық техника, кітаптар, ойыншықтар мен басқа да заттарды алуға болады.
Қайырымдылық жәрмеңкесінде наурыз-көже, бауырсақтар, дәмді пісірілген нандар таратылды, ән, би, флэшмоб, конкурстар ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жиналған халықтың саны 2000 адамнан асты.
Жұмыспен қамту орталығының мамандары Live.kzyoutube каналына Бағдарламаны түсіндіру туралы сұхбат берді, үлестіру материалдары таратылды, сонымен бірге осы іс-шараға келген халықтың көп бөлігіне де кеңес берілді.

Аймақ: 
Алматы қ.
10.04.2018