Call-center 1411

You are here

Жартылай ет фабрикаттарын өндіру бойынша цех ашылды (Қияшева Гаухар Асулановна)

Бағдарлама қатысушысы - Қияшева Гаухар Асулановна, 27.10.1996 туған.

2017 жылдың 21 шілде айында Қияшева Гаухар жұмыспен қамту орталығына жолығу барысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты жөнінде мамандардан кеңес алып, Қарғалы ауылдық округінде жартылай ет фабрикаттарын өндіру бойынша цехты ашу мақсатында шағын несие алуға ниет білдірді. Жолығу барысында ол жеке кәсіпкер статусына ие болған.

Қияшева Гаухар мемлекеттік бағдарлама аясында 2017 жылдың 18 тамыз айында Қарғалы ауылдық округінде жартылай ет фабрикаттарын өндіру бойынша цехты ашу мақсатында 10 млн. тг көлемінде шағын несие алды. Гаухар алған қаражатына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, әрі қарай ісін жалғастыруда.          

Бүгінгі күнге Қияшева Гаухар 5 адамды тұрақты жұмыс орнына қабылдап, өз елді мекенінің дамуына өз септігін тигізуде.

Ол Бағдарламаның төмен пайыздық мөлшерлемесі, икемді қарызды өтеу кестесі, қарызды өтеуді кейінгі қалдыруды ерекше атап өтіп, несие саясатына қолдау білдіретінін жеткізді. Бағдарламаға қатысу Біздің мемлекеттің дамуы үшін үлкен септігін тигізеді.

Мекен-жайы: Қарғалы ауылдық округі, Геологическая көшесі, 20/5

Байланыс телефондары: сот.8-707-854-96-12, 8-778-550-04-96

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 27.03.2018