Call-center 1411

You are here

Ашық есік күні

2018 жылғы 16 наурызда Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының алаңында,«Еңбек» "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша өтіп жатқан «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалы акциясы шеңберінде қайтадан құрылған ұйымдар мен ізденушілер үшін «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы, «Нұр Отан» партиясы. Аталған іс-шараны «Нұр Отан» қалалық партиясының өкілдері мен Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры М.С.Сүйіндіков ашты.
Іс-шараның негізгі мақсаты мүдделі жұмыс берушілер мен ізденушілерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша назарын аударту, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарға кеңестер беру, мүмкіндіктерді көрсету – жұмысқа орналастыру, қызметкерлер таңдау, кәсіптік бағдарлау мен оқыту, және жұмыссыз азаматтарды қолдау. Мүдделі ізденушілер мен жұмыс берушілердіңназарын enbek.kz еңбек биржасын пайдалануды түсіндіру бойынша аудару. 20 дан аса жұмыс берушілер қатысып, шамамен 200 бос орындар ұсынды. Іс-шараның түйінді месседжемі жұмыс берушімен ынтымақтасудың болашақтағы үлгісі, жұмысқа орналастыру арқылы тұлғалық байланыс механизмі болып табылады. Жұмыс беруші мен іздеушіні, сонымен бірге көкейтесті бос орындар банкі мен нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын байланыстыратын буын ретінде, Халықты жұмыспен қамту орталығының  жұмысымен және ерекшелігімен танысу.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
19.03.2018