Call-center 1411

You are here

Алматылық жоғары сынып оқушылары болашақ кәсіптерін таңдады

Мектеп оқушылары Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарына өздерінің артықшылықтарымен бөлісті. Кезекті кездесу №67 мектепте өтті. Әлеуметтік-кәсіптік бағдарлау барысында 52 оқушыдан сауалнама алынды.Отбасыңызда мамандық таңдау тақырыбы көтерілді ма, деген сауалға 47 бала оң жауап берді. «Сен кәсіптік таңдау жасауға дайынсың ба?» - 24-і оны таңдап қойған; «Еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие?» - деген сқрақты 40 адам білді.
Сұрақ қою қорытындысы бойынша оқушылар келесі салаларға ерекше ықылас қойды: сауда және қызметтер бойынша менеджерлер, әлеуметтік саладағы маркетологтар,  бағдарламашылар, жұмыс орнын құратын кеңейтілген бизнес, ақыл-парасат деңгейін ашатын, ғылыми-техникалық мамандықтар, кәсіптік бағыттылық.
Кәсіптік бағыттылық студенттер мен оқушылардың еңбекке деген саналы ойларын дамыту, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттіліктеріне, шеберлігі мен еңбек нарығында қажеттілігіне сәйкес қызмет саласын таңдаудың еркіндігіне қарай кәсіптік қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Оқушыларға www.enbek.kz сайтында және халықты жұмыспен қамту орталықтарында олардың оқу орындарын дұрыс таңдауына арналған тиісті тестілеуден өту ұсынылды. Кездесу барысында балаларға Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 50-үйде орналасқан, Халықты жұмыспен қамту орталығының байланыс мәліметтері жазылған, тақырыптық кітапшалар табысталды.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
05.03.2018