Call-center 1411

You are here

Жастар кәсіпкерлігін бірге көтереиіқ!

2018 жылдың 28 ақпанында, PIEZDES кофеханасының ресми ашылу болды. Кофехана ҚР «Жастарға жол» ҚҚ жанындағы «Әлеуметтік тұтастық» Almaty Business Incubator жобасы шеңберінде ашылған болатын.
Ашылу салтанатына қатысушылар: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алмалы аудандық әкімдігі, Алматы қаласы бойынша Кәсіпкерлердің өңірлік палатасы, Алматы қаласыныңЖұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ.  Жас кәсіпкер, 21 жасар Берік Бақытұлы Нұров ҚР «Жастарға жол» ҚҚ-на 2018 жылдың қаңтарында келіп, кейін Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасынан кеңестер алды. Берік Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығында тәжірибе алып, тәуекелмен өзінің жеке “PEIZDES” кофеханасын ашты. Бүгінгі күні Берік Нұров 3 жас маманды жұмысқа орналастырып, келушілерге өз есігін ашты.
- "Ең бастысы  - көп табу емес, сүйікті ісіңмен айналысу", - дейді Берік Нұров.

Аймақ: 
Алматы қ.
05.03.2018