Call-center 1411

You are here

«Мүмкіндіктер үақыты» бос орындар жәрменкесінің қорытындысы

2018 жылғы 2 наурызда "MOSKVA metropolitan" СОО барлық жұмыс іздеушілерге, білім мекемелерінің түлектеріне және жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылар Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы мен Әуезов ауданы әкімінің аппараты.
Аталған бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты – тұрақты жұмыс істеушілерге көмек көрсету. Бос орындар жәрмеңкесінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Magnum Cast&Carru» ЖШС, «Medical Store» ЖШС, «Белкамит» ЖШС, «Кока Кола Алматы Ботлерс» БК ЖШС, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілдері қатысты. Шамамен 60 жұмыс берушілер қатысты, олардың ішінде 500-ге жуық бос орындарды медицина, білім беру мекемелерінің, банк қызметің өкілдері ұсынды. Талап етілгендер қатарында сату бойынша менеджер, бухгалтер, оқытушылар және т.б. бар.
Жұмыс берушілер жұмыссыз азаматтармен кездесіп, ал жұмыссыздар жұмыс берушілермен тікелей әңгімелесе алатын мүмкіндіктерге ие болып, өзін қызықтырған бос орындармен танысты және еңбек нарығында іздеушілерге ұсынылған заманауи талаптар туралы білді.
Бұдан басқа, жұмыс іздеуші азаматтарға «Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ қызметкерлері Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында және жастар арасында кәсіптік бағдарлау туралы кеңестер берді.  Жұмыс іздеушілерге көмек ретінде Жұмыспен қамту орталығының бағыттары туралы айтылған, буклеттер мен үндеу парақшалары таратылды. Жәрмеңкеге 1000-нан аса ізденушілер қатысты. Жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер мен Жұмыспен қамту орталығына 100 түйіндеме қалдырды. Жәрмеңке өткізу барысында «Medical Store» ЖШС-ке 5 адам,  менеджер лауазымына – 4 адам және 1 бухгалтер орналастырылды.  Бос орындар жәрмеңкесін БАҚ өкілдері - «Алматы Ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттері жариялады.
Сонымен бірге, жұмыспен қамту орталығының директоры М.С.Суюндуков «box live Qazagstan» youtube канал өкілі, Р.Гасановқа сұхбат берді. Бұдан басқа, өткізілген жәрмеңке туралы оң пікірлерімен  жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерден де сұхбаттар алынды.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
03.03.2018