Call-center 1411

You are here

Ақтөбе облыстық филармония ғимаратында дәстүрлі қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Биыл екінші рет өткізіліп отырған жәрмеңке барысында дәстүрге айналған жұмыс берушілердің қатысуымен қатар 2018 жылдың 1 қантарынан бастап еңгізілген жаңа форматтағы атаулы көмек тағайындау бойынша азқамтылған отбасылардан құжаттар қабылдау жүргізілді.
Аталған жаңашылдықтың басты шарты – жұмысқа қабілетті жанұя мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, ағымды жылы Бағдарлама аясында жұмысқа орналастыру 6655 адам, шағыннесие алу мүмкіндіктерін қарастыру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарына кәсіби оқыту 1091 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 150 адам және жастар тәжірибесіне 800 адам  қатыстыру жоспарланып отыр.
Жыл басынан 550 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке жүгініп отыр, және осы көмекті алушылар санын арттыру мақсатында қала мектептерінде, еңбек ұжымдарында, жалпы халық көп шоғырланған жерлерде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілердің қарым қатынасын оңтайландыру мақсатында электронды еңбек биржасы үкіметтік порталы іске қосылды. Орталық мамандары осы порталдың қызметімен таныстырып, қолдану тәсілдерін үйретті.
Бос жұмыс 318 орындар жәрмеңкесіне 39 мекеме білім, денсаулық сақтау, құрылыс, есеп, сауда және қызмет көрсету салалы бойынша жұмыс орны ұсынылды. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында  ағымдағы  жылы  11 бос жұмыс орындары жоспарланды. Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімімен өткізілетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің кестесі бекітіліп, Ақтөбе қаласы әкімдігінің akimat_aktobe, жұмыспен қамту бөлімінің ozsp_aktobe инстаграмм парақшаларында жарияланды.
Жәрменкеге 213 жұмыссыз азаматтар жолықты,жәрменке барысында 45 жұмыссыз азаматқа жолдама берілді. Қайта даярлау курстарына – 14 адам жазылып, 11 адам жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңес алды. Жәрмеңкенің нәтижесі әлеуметтік желілерде апталық мерзімде жарияланатын болады.

 

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
02.03.2018