Call-center 1411

You are here

Бағдарлама шеңберінде қоян шаруашылығын ашу

Сингараева Гульшат Қобда ауданы, Қобда ауылының түрғыны. Ауданының жұмыспен қамту орталығына келіп, шағын несие туралы толық кеңес алып, жұмыссыз ретінде тіркелді. Дайындалған қоян өсіру және одан әрі етін сату Бизнес-жоспарымен қаржы мекемелеріне жолданды.
2017 жылдың маусым айында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 2 400 000 теңге шағын несие алды. Салық комитетінде жеке кәсіпкер болып тіркелді. Қазіргі таңда, Гүльшат қоян өсіріп, оны көбейтіп, сатуда. Қоянның етіне сұраныс көп болған соң, алдағы уақытта өз кәсібін кеңейтуге жоспаралауда.

 

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
Мал шаруашылығы
, 27.02.2018