Call-center 1411

You are here

Жаңа кәсіп иесі

Мұханова Аңсаған Нұрлыбайқызы 1992 жылы Атырау облысы Жылыой ауданында дүниеге келген. Аңсаған 2015 жылы Ақтөбе қаласындағы қаржы және экономика колледжінің сырттай бөлімін бітіріген. 2017 жылдың тамыз айында аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп тіркелді. Тіркелген мерзімде лайықты жұмыс табылмағандықтан, орталық арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде қысқа мерзімді курстан өтуге өтініш білдірді. Білдірген өтініші қанағаттандырылып 2 (екі) айлық қайта даярлау курсы бойынша аспаз мамандығын үйренуге Құлсары қаласындағы «Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжіне» жолданып, 2017 жылдың 1-ші қазанында оқуын аяқтады. Оқуын бітіргеннен кейін келіп түскен сұраныс бойынша «Агропромтехника» ЖШС-не аспаз көмекшісі ретінде жұмысқа орналастырылды. Аңсағанның айтуы бойынша Бағдарлама арқылы оқыған тегін курсының қазіргі таңда жұмыс бабына көп пайдасын тигізгеніне ризашылығын білдіруде.

Регион: 
Атырау облысы