Call-center 1411

You are here

Аққайың ауданында мал шаруашылығын дамыту

Мансұр Ғалымұлы Есмағамбетов 1985 жылы туған, отбасымен бірге Аққайың ауданының Полтавка ауылында тұрады, механизатор мамандығы бойынша орта арнаулы білімі бар, үйленген, бір  қыз баланы тәрбиелеп отыр, ЖК «Орман» басшысы болып табылады. Жеке кәсіпкер тұрғындарға отын дайындау, ағаш өңдеу және өнім даярлау (шарбақ, әжетхана және т.б. ағаш өнімдері) бойынша қызмет көрсетеді. ЖК «Орман» өнімдері ауданның барлық ауылдарында сұранысқа ие.
2017 жылы Мансұр Ғалымұлы мал шаруашылығымен айналысуды бастап, Жұмыспен қамту орталығына көмек сұрап жүгінді. Қажет құжаттарды жинап, 3,0 млн.теңге сомасында кредит алды. Қазіргі кезде шаруашылықта 7 бас сүтті бағыттағы ірі қара мал және 40 қой бар. Бизнесті жүргізуге Нәтижелі жұмыспен қамтуды  және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы зайыбы Меруерт Нұрғазықызы айтарлықтай  қолдау көрсетеді. Ол Бағдарлама аясында бухгалтер мамандығы бойынша қысқа мерзімді курсты аяқтаған. Алған білімін бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізуге қолданады. Бизнесті іске асыру жобасы аясында қосымша бір жұмыс орны ашылған,  қызметкерлердің штат саны 3 адамды құрайды

 

Аймақ: 
Алматы қ.
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 15.02.2018