Call-center 1411

You are here

Бағдарламаның демеушілігімен тігін цехын ашу

Сұлтанова Ғалия Қатимоллақызы 1985 жылы 8 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген.Казіргі мекен - жайы Индербор кенті. Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Алайда ол өз таңдауын жасау арқылы 2009 жылдан бастап бизнес саласына ауысты.
Отандық бизнесті дамыту арқылы әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған мемлекеттік «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты аясында 2016 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы» 1 млн 460 мың теңге несие алып  шағын  тігін  цехын  ашып жұмыс  істей бастады.  Жолдасы Ізтелеуов Жасұлан Салауатұлы да аталмыш бағдарлама шеңберінде 2 млн 500 мың теңге несие алып халыққа қызмет көрсету аясын кеңейтіп мәдени-көпшілік шараларға  арналған  заманауи тақырыптық-сахналық  киім үлгілерін  дайындап береді.
Жас кәсіпкер Ғалия Қатимоллақызы 2017 жылдан бастап әлеуметтік жұмыс орындары арқылы 4 адамды нәтижелі жұмыспен қамтып отыр. Жергілікті халық тарапынан сұраныстардың көптеп түсуіне орай  кәсіпкер 2018 жылы  6 адамды жұмысқа алып өзгелерге үлгі болып отыр.
Кәсіпкер аудан, облыс көлемінде өткізілген көрмелерге тұрақты қатынасып келеді.Цех дайындаған жихаз бұйымдары көпшілік назарына ұсынылып, жоғары бағаға ие болды. Жаста болса қиында күрделі істен қашпай бел шеше кірісіп іс қылған Ғалияның қолынан тамаша дүниелер аудан  да  мекен еткен әр шаңырақтан табылады. 

 

Аймақ: 
Атырау облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 15.02.2018