Call-center 1411

You are here

Атырау облысы бойынша Бағдарламаның жылдық қорытындысы

2017 жылға Атырау облысына Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасымен 8 326 адамды қамту жоспарланып, 2 347,0 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңге бағдарламамен 25 397 адам қамтылып, 2 336,0 млн. теңге игерілді.
Бағдарламаның «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 2135 адамды қамту жоспарланып, 272,2 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: 250 адамды кәсіптік даярлауға 49,6 млн. теңге және қысқа мерзімді курстарына 1885 адамды оқытуға 222,6 млн. теңге қаралды.
Қысқа мерзімді оқуға 2 133 адам(222,5 млн.теңге) жолданды, оның ішінен 2 117-сі-оқуын аяқтады. 844 адам жұмысқа орналасты және оқуды аяқтаған қалған адамдарды жұмысқа орналастыру шаралары жалғасады.
Қысқа мерзімді курстар ішкі еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша кәсіптік колледждер мен оқу орталықтарында өткізілді. Оқу аспаз, шаштараз, тәрбиеші, визажист, кондитер, маникюр-педикюр, уқалаушы, ЭЕМ операторы, бағдарламашы, тігінші, ағаш шебері, жөндеуші, дәнекерлеуші, құбырмонтаждаушы, монтаждаушы, электрмонтаждаушы, электрик, жүргізуші және т.с.с. мамандықтар бойынша жүргізілді.
2017 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап 250 адам (49,6 млн.теңге) кәсіптік оқытуды кәсіптік колледждерде ішкі еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша бастады.
Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты шеңберінде 887 адамды қамтуға 997,7 млн.теңге қаралды. Оның ішінен 750 адамды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 51,0 млн. теңге бөлініп, 840,0 млн. теңгеге 137 адамға микрокредит беру жоспарланды (қалада – 253,0 млн.теңге, ауылда – 587,0 млн.теңге), микрокредиттерге кепілдік беруге – 97,6 млн.теңге және микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын өтеуге – 9,1 млн.теңге бөлінді.
2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасы төрт ауданда(Индер, Исатай, Қызылқоға, Махамбет) жүргізілді. Жоба шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 787 адам жіберілді, оның 750-і – оқуын аяқтады. Олардың ішінен 81-і – несиені алды.
99,550 млн.теңгеге 173 адамға несиелер берілді, оның 819,55 млн. теңгесі жоспардан, 80,0 млн. теңгесі қайтарылған қаржаттар есебінен. 1 МҚҰ 4,5 млн.теңгеге субсидия және 25 адамға кредитты кепілдендіруге 27,075 млн.теңге берілді. Бұл бағыт шеңберінде барлық селолық, ауылдық округтерде құзырлы басқармаларының және қаржы органдарының мамандарымен кредит беру тәртібі бойынша кеңінен халық арасында ақпарат таратылды.
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағытымен 5 304 адамды жұмыспен қамтуға 1 081,8 млн.теңге бөлінді (әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыруға – 405 адамға 86,3 млн.теңге, Жастар практикасына – 598 адамға 203,5 млн. теңге, қоғамдық жұмыстарға – 5 441 адамға 791,9 млн,теңге).
Үшінші бағытпен 22 059 адам қамтылды, оның ішінен: - әлеуметтік жұмыс орындарына 716 адам орналастырылды (86,309 млн.теңге) - Жастар тәжірибесіне 1 100 түлек жіберілді (203,514 млн.теңге) - қоғамдық жұмыстарға 5 441 жұмыссыз (791,935 млн.теңге) - ваканттық жұмыс орындарына 14 802 адам орналасты. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын халық арасында насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қала мен барлық аудандағы селолық округтерде жүргізіліп, 2017 жылы 328 кездесулер мен жиналыстар өткізілді. Бұқаралық-ақпараттық құралдар арқылы 87 мақала жарияланып, теледидарда 43 сұхбат пен хабарлар берілді.
«Атырау Ақпарат» информациялық орталығында уәкілетті органдар және қаржы институттарымен бірге 3 брифинг өткізілді. Сонымен қатар, халық көп шоғырланатын жерлерде «Дина» сауда орталығында Қеңес беру орталығы жұмысын атқаруда, онда барлық адамдарға, соның ішінде жастарға барлық мемлекеттік қолдау түрлері жөнінде және заңнамаларға енгізіліп жатқан барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен мәліметтер мен түсініктер беріліп, нұсқаулықтар таратылды.    Бағдарлама шеңберінде әр ауыл, селолық округтерінде мониторинг жұмыстары жүргізіліп, облыстық, аудандық веб-сайттарға хабарламалар беріліп, әлеуметтік бағдарламалар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде түсініктер үнемі беріліп, жергілікті БАҚ мақалалар мен хабарлар жарияланды. 

 

Аймақ: 
Атырау облысы
13.02.2018