Call-center 1411

You are here

«Жанұя» наубайханасы

Сүгралиева Бекзат Жумагелдіқызы наубайхана салу мақсатында 2017 жылдың соңында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ   Атырау облыстық  филиалы арқылы 8,5 млн тенге несие алды.
Несие алуымен, наубайхананың ірге тасын қалауды бастап кеткен. Наубайханаға қажетті құрал - жабдықтарын сатып алып, 2018 жылдың қантар айында көптен армандаған мақсатына жетіп тұсауын кесті.
Қазіргі таңда Бекзат Жұмагелдіқызы нан бүйымдарын шығарып, Махамбет ауылында орналасқан сауда-саттық орындарымен келісім -шартқа отырып, белсенді жұмыс жасауда. Жұмыспен қамту орталығы арқылы бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде әлеуметтік жұмыс орынын ашып, ауылдың жұмыссыз азаматын уақытша жұмыс орнымен қамтыды.

 

Аймақ: 
Атырау облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 13.02.2018