Call-center 1411

You are here

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында 2017 жылғы қызметінің қорытындысы және 2018 жылға қойылатын міндеттері бойынша алқа отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында қалалық әкімдіктің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Олжас Абайұлы Бектеновтың төрағалығымен Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 2017 жылғы қызметінің қорытындысы және 2018 жылға қойылатын міндеттері бойынша алқа отырысы өткізілді.
Алқа отырысына Ақмола облысының аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшалары, жұмыспен қамту орталықтардың директорлары, басқармалар мен  департаменттердің, кәсіпкерлер Палатысының, ««Даму Кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ  өңірлік филиалы,  «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау Қоры» АҚ, «АгроНесиеҚорпорациясы»АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ өңірлік филиалының, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 2017 жылғы қызметінің қорытындысы және 2018 жылға қойылатын міндеттері қаралды.
Өткізілген алқа қорытындысы негізінде аудандарға және Көкшетау мен Степногорск қалалардың әкімдіктеріне келесі тапсырмалар берілді: -Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті 2017-2021 жылдарға дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштерін орындау:
- бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққандарды және пробация қызметінің тіркеуінде тұратын тұлғаларды, ата-аналардың қамқорынсыз қалған, жетім-балаларды, сондай-ақ дәстүрге жат дін ағымдарының жақтаушыларын жұмыспен қамту бойынша жүргізілетін жұмыстарды нығайту;
- «Мүгедектің жұмыс орны» стандартына сәйкес мүгедектерге жағдай  жасау мәселесін  жұмыс берушілермен пысықтау және бюджеттік қаржыны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету; 
- мүдделі мемлекеттік органдарымен бірігіп, бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018 - 2019 жылдарға арналған Ақмола облысының ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын (Жол картасы) жүзеге асыру;
- жұмыссыздарды және нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамту белсенді шараларына және жұмысқа орналасуына жолдау бойынша жұмыстарды белсендету; - өңірдің халқын жұмыспен қамтуына жәрдемдесу Кешенді жоспарын жүзеге асыру жөнінде нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету; - халықты жұмыспен қамту орталықтарды түрлендіру (ХЖҚО түрлендіру) Жол картасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды аяқтау; - «Еңбек нарығын жаңғырту және еңбек ұтқырлығын дамыту» жобалау кеңесені жүзеге асыру аясында көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу; - жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті енгізуді жүзеге асыруына, жартылай стационар және үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуіне, мүгедектерді міндетті гигиеналық және қосалқы (көмекші) құралдарымен қамтуына бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді дер кезінде және толық көлемінде игерілудің бақылау;
- әлеуметтік-маңызды объектілердің бейімдеу іс-шараларының толық кешенін басымдылық ретімен өткізудің алгоритмін, қадамдық жоспарын пысықтау; - «Интерактивті қол жетімділік картасы» порталындағы деректердің толық  және дер кезінде өзектендіруін қамтамасыз ету; - «Е собес» ААЖ дер кезінде және сапалы толықтыру бойынша жұмыстарды нығайту.

Аймақ: 
Ақмола облысы
12.02.2018