Call-center 1411

You are here

Бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы

«Нәтижелі  жұыспен қамту және  жаппай к» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруға облысқа 6 млрд. 071,5 млн. теңге қаражат бөлінді.
Бағдарламаның 1 бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 800 адамды оқыту жоспарлануда.
Сонымен қатар, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 1500 адамды қысқа мерзімді курстарға жолдау жоспарланды. Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 423 адамға несие беру (соның ішінде ауылдық жерде 418 адам, қалалық жерде 5 адам), 26 адамға 100 АЕК дейін гранттар беру жоспарлануда.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2071 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда. Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында: - 770 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 113 адам жолданды. - 1314 жас маманды жастар практикасына жолдау көзделіп, есепті кезеңге 200 жас маман жолданды. - 5067 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 738 адам тартылды.

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
09.02.2018