Call-center 1411

You are here

Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың қатысуымен ЖҚҮӘББ ММ кеңейтілген жиын өткізілді

2018 ж. 6 ақпанында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен  Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ММ кеңейтілген жиын өтті.
Негізгі мақсат: 2017 жылы атқарған жұмыстардың қорытындысы және Елбасының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында  2018 жылға міндеттерін қарау.
Өңірде жұмыспен қамту мәселелерін шешу мақсатында, Ақтөбе қаласы және аудандар бөлінісінде 2017 жылға Кешенді жоспар әзірленіп 40 082 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыруға 4,8 млрд.теңге бөлінді, 4,7 млрд.теңге  игерілді.
Осы Бағдарлама бойынша еңбек нарығындағы сұранысқа ие 62 мамандық бойынша 6,0 мыңға жуық адам кәсіби даярлауға бағытталды. «Бастау Бизнес» пилоттық жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1125 адам бағытталып, сертификаттарын алды, оның ішінен 254 адам шағын несие алды.
Жалпы облыс бойынша 2062 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 3037 жас түлек алған мамандықтары бойынша тәжірибе алу үшін "жастар практикасына", 8850 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға бағытталды.
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 2017 жылдың 3 тоқсанына:
     - жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады (орташа республикалық көрсеткіш – 4,9%, 15-28 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі – 3,2% - ды құрады (орташа республикалық көрсеткіш – 4,0%).
2017 жылы облыста барлығы 8809 отбасына 433,5 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмектер көрсетілді (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысы, тұрғын үй көмегі, Өрлеу» жобасын кезеңінде шартты түрде ақшалай көмек).
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, техникалық оңалту құралдарымен 11 926 мүгедек сомасы 1 322,9 млн.теңге көлемінде қамтамасыз етілді.
Мүгедектердің әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы 354 нысан жоспарланып бейімдеуден өтті. Кеңейтілген жиынның жұмысына Ақтөбе облысының мәслихат хатшысы, аудан әкімдерінің орынбасарлары, мемлекет мекемелердің басшылары,  қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, қала және аудан әкімдігінің халықты қамту орталықтарының директорлары, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары.
Сонымен қатар, кинейтілген жиын форматында әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына зор үлес қосқан үшін «Еңбек ардагері», «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі»  ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өткізілді.

 

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
07.02.2018