Call-center 1411

You are here

Бағдарлама шеңберінде Айыртау ауданы Саумалкөл жеке бизнестің дамуы

Матбаев Ришат Амангелдіұлы 1968 жылғы 18 қыркүйекте Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында туған. 2014 жылы жұмыс істеп тұрған бизнесі бар (ТҚС) Матбаев Р.А. қосымша құрал-жабдық сатып алу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгінді.
2014 жылдың сәуір айында жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша Петропавл қаласында кәсіпкерлік негіздеріне оқыды, бизнес-жоспар жасап, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 3 млн. теңге сомасында кредит алды. Алған қаражатына қажетті жабдықтар: автокөлік жөндеуді автоматтандырылған тәртіпте  тез әрі сапалы жүргізу үшін созылмалы қайшы штапель мен электрондық өлшеу жүйесін сатып алды. Бизнес жобасына сәйкес қосымша 2 жұмыс орнын құрды.
2017 жылы Матбаев Р.А. микрокредитін мерзімінен бұрын өтеп, "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға" арналған бағдарламасы аясында көлік жуу орнын ашуға қайтадан 14,8 млн. теңгеге несие алды. Алған қаражатқа ғимарат сатып алып, оған жөндеу жұмыстарын жүргізді, арнаулы жабдықтар сатып алды. Қосымша 3 тұрақты жұмыс орнын құрды.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында Матбаев Р.А. өткен уақыт аралығында бизнесін кеңейтіп, отбасының әл-ауқатын арттырды, ауыл тұрғындары жұмыс орындарына ие болды.

 

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 24.01.2018