Call-center 1411

You are here

Бағдарлама аясында оқыту

Сураншиева Толкын Айтпаевна, 13.11.1985 жылы туылған, жұмыссыз. Жұмыссыз азамат бола тұрып, 2017  жылы сәуір айында аудандық  халықты  жұмыспен  қамту орталығына қайырылып, бағдарламаның 1 – бағыт «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 3 айлық қысқа мерзімдік кәсіптік оқу  бойынша  Кордай Интенсив білім орталығына   «маникюр шебері» мамандығы бойынша жолданып, оқуын аяқтап келді.  Аталған бағдарлама бойынша үкімет тарапынан оқуды тегін оқып, сонымен қатар оған  шәкіртақы  төленді. Бүгінгі күні  Сураншиева Толкын Айтпаевна оқуын аяқтағаннан кейін өз мамандығы бойынша "Арна" сұлулық салонында «маникюр шебері» мамандығы болып  жұмыс істеуде. Сураншиева Толкын Айтпаевна  Елбасымыздың бастамасымен қолға алынып, нәтижелі іске асырып отырған бағдарламаны ауданда іске асырып отырған аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарына алғысы шексіз.

Регион: 
Жамбылская область