Call-center 1411

You are here

Алматы қалалық электромеханикалық колледж студенттерімен кездесу

2017 жылғы 25 желтоқсанда Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Тургунова Ж.Р «Алматы қалалық электромеханикалық колледж» КММ-де болды. Осы аталып отырған колледжде өткен кездесуге 1 курс студенттері,75 студент қатысты.
Кездесу барысында, жұмыспен қамту саласы бойынша ақпараттар беру арқылы, студенттерге кәсіптік бағдарлау, бітіруші түлектер үшін Жастар практикасының басымдық жақтары, жазғы каникулдық демалыс кезінде қоғамдық жұмыстарға қатысу, бизнеспен айналысам деушілерге өз кәсібін ашу бойынша және электрондық цифрлық қол қою жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтер туралы, жұмыспен қамту орталығының маманы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу аяғында студенттер таңдаған мамандықтары бойынша әртүрлі сұрақтар қойды, осы қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді. Студенттерге қазақ және орыс тілінде анкеталар таратылды. Студенттер тарапынан Жұмыспен қамту орталығы жайлы көптеген сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар қайтарылды. Студенттерге сайтындағы психолог Джим Барреттің тестін www.enbek.kz қолдану жайлы айтылып, 75 дана арнайы ақпараттық брошюралар таратылды.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
28.12.2017