Call-center 1411

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бағдарламаның 1 бағытының 2017 жылдың 1 желтоқсанына жүзеге асырылуы туралы мәлімет

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша мамандығы жоқ азаматтар және еңбек нарығының сұранысына орай мамандық иесі болу мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 12 159 адам жолданды. Оқуға жолданған азаматтар 53 білім беру ұйымдарында білім алуда. Оның ішінде 36 колледж (6189 адам білім алуда), 17 оқу орталықтары (5964 адам білім алуда). Оқуға жолданған 12 159 адамның басым бөлігі ауыл шаруашылығы, құрылыс, қызмет көрсету салаларына жолданған. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тізіліміне жұмыс берушілердің жанынан құрылған оқу орталықтарына қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданған азаматтар бойынша: Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы бойынша 506 адам жолданды. Атап айтар болсақ, 1. "Айжан" ЖШС оқу орталығы -200 адам (тігінші-150, арнайы тігінші-50); 2. "Білікті маман" ЖШС -265 адам (швейцар-6, арнайы тігінші-12, күтуші (қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру)-27, шаштараз-модельер-13, кілемші-30, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері-22, тігінші-100, тоқушы-45, талшық өндіру бойынша ағындық желі операторы-10); 3. "Гаухар" тігін фабрикасы ЖШС - 25 адам (тігінші-25); 4. "AZALLA TEKSTIL" ЖШС оқу орталығы -16 адам (кептіру жабдықтарының операторы-5; түту жабдықтары операторы -5; орау автоматының операторы -3; ағартушы -3). Нәтижесінде 54 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

 

Регион: 
Түркістан облысы