Call-center 1411

You are here

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында құс шаруашылығы ашылды

Жұмабаев Темірлан Талғатұлы Актөбе облысы Шалқар қаласының түрғыны. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – жұмыссыз. 2017 жылы Жұмабаев Темірлан Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ММ-не «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде өтініш білдірді. Мамандардың кеңесінен кейін өз ісін ашу үшін 1000 000 теңге көлемінде шағын несие алуға шешім қабылдады. Құжаттарын толық жинағаннан кейін, үміткер Ақтөбе қаласындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ-на жолданды. Құжаттары мақұлданғаннан кейін Жұмабаев Темірлан 2017 жылдың шілде айында шағын несие алып, құс шаруашылығын ашты. Бір жаңа жұмыс орны құрылды. Темірлан осы кәсіпті таңдағанына дән риза.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
Мал шаруашылығы
, 21.12.2017