Call-center 1411

You are here

Бағдарламаның көмегімен Әуликөл ауданында қара мал өсірудің дамуы

Агдавлетова Рыскүл Сағындыққызы Әулиекөл ауданы,1959 жылғы 10 қарашада туылған, мәртебесі - әрекет етуші кәсіпкер, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуын аяқтап, 10 ІҚМ төлін сатып алу мақсатында «Атамекен-Қостанай» МҚҰ 2,000 (екі миллион) теңге мөлшерінде микрокредит алды. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" қызықтырды, себебі Бағдарламаның шарттары өз бизнесін дамыту үшін төмен пайызға (6%) кредит алуға мүмкіндік береді. Рыскүл Сағындыққызының айтуынша Бағдарламаның артықшылығы – қысқа мерзімде бизнес негіздері бойынша білім алу мүмкіндігі. Бұл бизнесті дамытудың бастапқы кезеңінде әдеттегі қателіктерден құтылуға, сондай-ақ жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға өз бизнесін ашуға, жастарға ауылда қалып, өз ісін ашуға мүмкіндік береді. Әулиекөл ауданындағы Кәсіпкерлер палатасының филиалы мен Жұмыспен қамту орталығы тарапынан кредит алу үшін құжаттар топтамасын жинауда көмек, есеп тапсыру үшін қажетті құжаттар мен шарттар жасасу мәселесі бойынша консультативтік қолдау алды.

Аймақ: 
Қостанай облысы
Мал шаруашылығы
, 14.12.2017