Call-center 1411

You are here

Тимирязев ауылындағы ТҚС қызметін кеңейту

Хомяков Александр Николаевич Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Рассвет ауылында 1989 жылы туып, өсті. 2004 жылы Сулы-Элеватор орта мектебін бітіріп, БКТМ-20 колледжіне оқуға түсті, 2007 жылы осы оқу орнын «машинотракторлы паркіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша баптаушы-шебері» мамандығы бойынша тамамдады. 2010 жылы үйленіп, Тимирязев ауылына көшті. 2011жылдан бастап 2015 жыл аралығында ЖК «Алиев» ТҚҚС-нда, ЖК «Тіржан» ТҚҚС-нда жұмыс істеді.
2016 жылы автомобиль көлігін жөндеу және қызмет көрсету бойынша жеке ісін ашты. 2017 жылы Александр Николаевич жеке ісін кенейтуге кредит алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. 1,3 млн. теңге сомасында несие алып, автокөліктерді сырлау цехына арналған жаңа жабдықтар мен шығын материалдарын сатып алды.
2018 жылдың басында Александр Николаевич жұмысқа көмекші алуды жоспарлап отыр.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 14.12.2017