Call-center 1411

You are here

2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламаның іске асыру барысы туралы ақпарат

2017 жылдың 1 қарашасына «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2017 жылы барлығы 7078 адамды оқытуға 1191,9 млн.теңге бөлінді. Соның ішінде 770 адамды кәсіптік даярлауға 170,1 млн.теңге қаралса, 1-қыркүйектен бастап 770 адам кәсіптік даярлауға қабылданды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 6308 адамды оқыту үшін 1021,8 млн.теңге қаралды. Осы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру мақсатында білім ұйымдары, мамандықтар және әрбір мамандықтарға оқытылатындар саны анықталып, өңірлік комиссияда бекітілді. Барлығы 58 мамандық бойынша 40 білім беру ұйымдары белгіленіп, 6412 адам оқуға жолданды.

Регион: 
Жамбыл облысы