- Бастапқы бет
- Қатысушы жадынамасы
- НҚА
- Халықаралық тәжірибе
- Оқыту
- Байланыс деректерi
Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кәсіптік оқуға 3991 адам немесе 96,1% жолданды (жоспар - 4152 адам), оның ішінде:
- техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындауға ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 21 мамандық бойынша (электр газбен дәнекерлеуші, аспазшы, тәтті тағамдар дайындайтын маман, ағаш ұстасы, токарь, жөндеуші слесарь және т.б.) 19 колледждің базасында 9-11 сыныптың 1000 түлегі жолданды.
- қысқа мерзімді оқуға 2991 адам (94,9%) жолданып (жоспар - 3152 адам), 1787 адам оқуды аяқтады.
Қысқа мерзімді курстарда оқуды аяқтағандардың қатарындағы (1787 адам) 1337 адам немесе 74,8% жұмысқа орналастырылды.
Қысқа мерзімді оқыту курстары 47 мамандық бойынша (тракторшы, автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь, аспазшы, шаштараз, бухгалтер және т.б.) 33 білім беру ұйымдарының (27 - колледж, 6 - оқу орталықтары) базасында ұйымдастырылды.