Call-center 1411

You are here

Қызылжар ауданында монша-кір жуу кәсіпорнын лайықты дамыту

 Никишин Анатолий Петрович Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Петерфельд ауылында тұрады. Анатолий Петрович 2007 жылғы шілде айында  ЖК «Никишин А. П.» ашып, монша-кір жуу кәсіпорнын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.
2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының» екінші бағыты аясында алғаш рет микрокредит алып, өз ісін ұйымдастырды.  Алынған қаражатқа үй меретін қайта жаңартып, монша-кір жуу жабдықтарын сатып алды. Никишин А. П микрокредитті мерзімінен бұрын өтеді. 2017 жылы Халықты жұмыспен қамту орталығына қайта жүгініп, кәсібін кеңейтуге 8 млн. 750 мың теңге сомасында микрокредит алды.
2012 - 2017 жылдар аралығында  мына: үтіктегіш айдын, КП-223 маркалы центрефуга, кір жуғыш машиналар, киім-кешекке арналған машина, ДГ-25/3 дизель генераторы, Honda электростанциясы, УАЗ автомобилі  және де баска құрал – жабдықтар сатып алынып,  іске қосылды.
ЖК «Никишин А. П.» «Қарттар мен мүгедектерге арналған Смирнов жалпы үлгідегі интернат-үйі» КММ-нің кір жуатын орнын жөндеуге көмек көрсетеді, Петропавл  қаласындағы «Бала үйі» КММ-ге кілемдер мен перделерді тегін  жуады. Жыл сайын Қарттар күніне және Жеңіс күніне орай  қайырымдылық сыйлықтар беруді ұйымдастырады.

Аймақ: 
Алматы қ.
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 17.10.2017