Call-center 1411

You are here

Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша

Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

          Бағдарлама қатысушыларын қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуалды моделінің элементтерімен бірге білім беру ұйымдарында жүргізіледі. Сондай-ақ сандық сауаттылық, ағылшын тілі және кәсіпкерлік негіздері дағдыларына оқыту да жүргізіледі.

          Каранов Сергей Викторовия 2017 жылы жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша келді. Сергей Викторовичтың тұрақты жұмыс орны болмады, сондықтанда оған шәкіртақы төленетін кәсіби оқытудан өту ұсынылды.

          Каранов Сергей 2017 жылы маусым айында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ-не «дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді.

          Оқыту мерзімі аяқталғаннан кейін алған мамандығы бойынша «Қарағандыэнергоремонт» АҚ-на тұрақты жұмысқа орналастырылды.  

Регион: 
Карагандинская область