Call-center 1411

You are here

Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру туралы

1 бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» аясында 2017 жылға 785,1 млн. теңге бөлінді, оның ішінде қысқа мерзімді курстарға – 460,8 млн. теңге.

Аталған бағыт аясында 2235 адам кәсіптік оқумен қамтылды, оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 1356 адам жолданды. Олар келесі мамандықтар мен дағдылар бойынша оқытылды: әлеуметтік қызметкер,  компьютерлік сауаттылық,  қолдан доғадан пісіру бойынша халықаралық дәнекерлеуші, болаттан жасалған құрылымды құрастыру слесарі, қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру және қызмет көрсету маманы, болаттан жасалынған құрылымды монтаждаушы,  тігінші, аспазшы, консультант ж.б.

Регион: 
Маңғыстау облысы