Call-center 1411

You are here

Кәсіпкерлік - әлеуметтік қолдаудың тетігі

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 2016 жылдың аяғына қарай  Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жеке кәсіпкер Шопанова Жанат Сериккалиқызы асхана ашу үшін 3,0 мил. теңгеге несие алды. 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының" ІІІ бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындары арқылы 4 адамды жұмыспен қамтып халыққа нәтижелі қызмет көрсетуде. Асханада ұн өнімдерінен дайындалатын тағамдар мен қатар ыстық тағамдар дайындалады.
Атап айтқанда, аталған азаматша осыған дейін «Мәдина» азық-түлік сату дүкенін ашып қол жетімді бағамен халыққа қызмет көрсетіп келді. Мемлекеттік дәрежеде көрсетіліп жатқан жеңілдіктерді назарға ұстаған кәсіпкер бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырмақ ниетте.

Аймақ: 
Атырау облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 09.10.2017