Call-center 1411

You are here

Индер ауданындағы кәсіпкерліктің дамуы

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 2016 жылдың соңына қарай «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы» жеке кәсіпкер Темірғалиева Гүлбарам «Ет өнімдерін ашу» үшін 3,0 мл. теңге несие алды.  2017 жылдың 1 ақпанынан бастап "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының" ІІІ бағыты аясында кәсіпкер «Әлеуметтік жұмыс орындары» арқылы 3 адамды жұмыспен қамтып халыққа игілікті қызмет көрсетуде. Аталмыш павильонда сиыр, қой, жылқы, түйе еттерін қол жетімді бағамен тұтынушыларға ұсынып келеді. Сондай-ақ сауда нысанының қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында асхана, азық-түлік сату жұмыс орындарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Аймақ: 
Атырау облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 09.10.2017