Call-center 1411

You are here

Өнімдер жәрмеңкесі

2011-2016 жылдары аралығында облыс бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламсының шеңберінде 3895 адамға  9938,2 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.
Оның ішінде: 84,5% немесе 3293 адам ауыл шаруашылығына, 15,5% немесе 523 адам өндіріс және қызмет көрсету саласына несие алды. Несие алған азаматтардың кәсібінің дамытуына жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылдың әр сенбісінде сағат 7:00-ден бастап Талдықорған қаласының коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Аталған жәрмеңкеге апта сайын Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары және Талдықорған қаласының «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша несие алған кәсіпкерлер қатысып,  мысалы: ет, сүт, айран, қымыз, картоп, тары-талқан өнімдері, құрт, ірімшік, шұбат, қияр, қызанақ, бөдене жұмыртқалары, сәбіз, бұрыш, ет, т.б., 15-тен аса ауыл шаруашылық өз өнімдерін ұсынып отырады.

Аймақ: 
Алматы қ.
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 29.05.2017