Call-center 1411

You are here

№ 8 жоба «Жұмысқа өз бетінше тұруға арналған орталықтар»

Жұмысқа өз бетінше тұруға арналған орталықтар

Мақсаты: зейнеткер және зейнеталды жастағы әйелдердің жұмыспен қамтылуын арттыру
Міндеті:

1.Стационар жағдайында оңалтудан өткен мүгедек адамдарды социумға интеграциялау үшін жағдайлар жасау.
2.Зейнеткер және зейнеталды жастағы әйелдер үшін жаңа жұмыс орындарын құру

Шарттары:

1.Жобаға қатысушылар:
  • жұмыс іздеп жүрген зейнеткер және зейнеталды жастағы әйелдер;
  • өзіне-өзі қызмет етуі дағдыларын меңгерген және МӘМ тұратын мүгедек адамдар немесе егде жастағы адамдар.
2.Штат қызметкерлері 5 адамнан кем болмауы керек (меңгеруші, 3 әлеуметтік қызметкер, ас үй қызметкерлері).
3.Өз бетінше тұруға арналған орталықтардың жобалық қуаты болуы тиіс:
  • егер мүгедектің психоневрологиялық сырқаты болса 10 адамнан артық емес;
  • 10-15 адам – егде жастағы адамдар немесе 1 және 2-топтағы мүгедектер.
4.Өз бетінше тұруға арналған орталықтар ҮЕҰ базасында, жұмыс істеп тұрған МӘМ филиалдарында, ауылдағы иесіз қалған мекемелердің (жабылып қалған бастауыш мектептер, конторлар ғимараттары, тұрғын үйлер және т.б.) базасында ашылуы мүмкін.

Жобаны іске асыруды ұйымдастыру

1.Өз бетінше тұруға арналған орталықтарды ашу үшін аудандардың (қалалардың), ауылдардың тізбесін қажеттілігіне қарай (оның ішінде АОӘ АЖО есепке алғанда) өңірлер айқындайды.
 
2.Өз бетінше тұруға арналған орталықтардың және штат қызметкерлерінің санын аудандардың, қалалар мен ауылдардың әкімдері Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өтініміне қарай айқындайды.
 
3.Аудандардың, қалалар мен ауылдық округтердің әкімдері Өз бетінше тұруға арналған орталықтарды ашу орындарын төмендегі:
 
  • санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын;
  • үміткерлерді:
              МӘМ-нен өз бетінше тұруға арналған орталыққа ауыстыруға;
              Ауылда тұратын адамдар ішінен оқуға іріктеуді;
  • мемлекеттік қолдау тетіктерін ескере отырып, жұмыс істеп тұрған объектілерге түгендеу жүргізу арқылы айқындайды.
4.Филиал желісін ашу құқығын беру үшін МӘМ Жарғысына толықтыру енгізу бойынша жұмысты Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы МӘМ-мен бірлесіп жүргізеді.
 
5.Өз бетінше тұруға арналған орталықты ашуға белгіленген ғимаратты өз балансында ұстаушыны аудандардың (қалалардың) ауылдық округтердің әкімдері айқындайды.
 
6.Аудандардың (қалалардың), ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп Өз бетінше тұруға арналған орталықтардың жұмыспен қамтуды үйлестірудің және әлеуметтік бағдарламалардың жұмысын іске қосады.
 
7.Өз бетінше тұратын адамдарды іріктеуді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары МӘМ директорларымен бірлесіп жүзеге асырады.
 
8.МӘМ-де тұрып жатқан, өз бетінше тұру дағдыларын меңгерген және өз бетінше тұруға мүмкіндігі бар адамдардың тізбесін МӘМ қалыптастырады.
 
9.Өз бетінше тұруға арналған орталықтарға ауысқысы келетін адамдарды іріктеу үшін МӘМ-де тұрып жатқан адамдар арасында түсіндіру жұмысын Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы МӘМ директорларымен бірлесіп жүргізеді .
 
10.МӘМ-де тұрып жатқан адамдарды Өз бетінше тұруға арналған орталықтарға ауыстыруды Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес МӘМ директорларымен бірлесіп жүргізеді.

Оқыту процесін ұйымдастыру

11. Зейнеткер және зейнеталды жастағы әйелдерді оқыту Бағдарламаның қысқа мерзімді курстары шеңберінде, оның ішінде мобильді оқыту орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүзеге асырылады. 

12. Жұмыспен қамту орталықтары:

  • қатысушыларды іріктеу;     
  • қысқа мерзімді курстарға оқу бағдарламаларын дайындау;
  • оқыту аяқталғаннан кейін курс тыңдаушыларының біліміне, тәжірибесі мен шеберлігіне тәуелсіз бағалау жүргізу үшін медициналық-әлеуметтік ұйымдардың қызметкерлері ішінен  сарапшылар тобын қалыптастырады.

13. Ауылдық округтердің әкімдері жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп  сабақтарды өткізуге арналған шарттарды жасайды, оларда оқыту орындары айқындалады:

  • шағын жинақталған мектеп;
  • балабақшалар (мемлекеттік және жеке);
  • мобильді оқыту орталықтары.

14. Жұмыспен қамту орталықтары білім беру бөлімдерімен бірлесіп мастер-тәрбиелеушілерді айқындайды, олар Бағдарламаға қатысушыларды оқытады, олармен шарт жасасады, шартта оқу бағдарламасы, өтетін орны, практикалық сабақтар өтетін орын, оқу мерзімдері және оқыту қызметіне ақы көрсетіледі.

15. Жұмыспен қамту орталықтары білім беру бөлімдерімен бірлесіп қатысушылардың білімін тәуелсіз бағалауды және оқу аяқталғаннан кейін сертификат беруді ұйымдастырады.

16. Жұмыспен қамту орталықтары және ауылдық округтердің әкімдері өз бетінше тұруға арналған орталықтарға тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

Қатысушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

17. Жұмыспен қамту орталығы оқуды аяқтаған адамдарды:

  • •Аудандардың (қалалардың), ауылдық округтердің әкімдері ұйымдастыратын өз бетінше тұруға арналған үйлердегі жаңа жұмыс орындарына (не әлеуметтік жұмыс орындарына);
  • •Медициналық-әлеуметтік ұйымдар, ҮЕҰ мәлімдеген бос жұмыс орындарына жібереді.

18. Жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына тұру үшін медициналық-әлеуметтік ұйымдардың басшыларымен, ҮЕҰ және оқуды аяқтаған адамдармен үшжақты шарт жасасады.

Бағдарлама қатысушыларын мониторингі жүргізу

Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ:

        • әрбір қатысушыны тіркейді;
        • көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын есепке алады;
        • оқуды аяқтаған адамдардың міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына мониторинг жүргізеді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері Е-собес ААЖ-да: Орталықта өз бетінше тұру үшін жіберілген адамдарға мониторинг жүргізеді.

Жобаны көшіріп алу: