Call-center 1411

You are here

№7 жоба «Компьютерлік сауаттылыққа оқыту»

Компьютерлік сауаттылыққа оқыту

Мақсаты: азаматтарға электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін олардың компьютерлік сауаттылығын арттыру
Міндеті: Жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту
Шарттары:

1.15-29 жас аралығындағы адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар жобаның қатысушысы бола алады.
 
2.Оқыту компьютерлік технологиялар саласындағы үздік мастер-практиктерді тарта отырып, 2 айдан 6 айға дейін өткізіледі.
 
3.Жобаға қатысушылар оқытудың толық курсынан өтуге және курсты аяқтағаннан кейін игерген кәсіптері бойынша білімін, дағдылары мен шеберліктерін тәуелсіз бағалаудан өтуі тиіс.
 
4.Жақсы баға алған жобаға қатысушыға кәсібі көрсетіліп, толық курсты аяқтағаны туралы сертификат беріледі.
 
5.Қатысушы «Еңбек нарығы» ААЖ-ның «Компьютерлік сауаттылық» жеке қосымшасына ТІРКЕЛУІ ТИІС.

Жобаны іске асыруды ұйымдастыру

1. Жұмыспен қамту орталығы білім беру бөлімімен және ҰКП өңірлік филиалымен бірлесіп азаматтар мен жұмыс берушілерді компьютерлік сауаттылыққа үйрету курстарын ұйымдастыру жобасының басталғаны, жобаның шарттары, оқытуды өткізу орны мен уақыты туралы хабардар етеді.

2. Жұмыспен қамту орталығы қатысуға ниет білдіргендер қатарынан жобаға қатысушылардың тізімін және оқу топтарын қалыптастырады.

3. Жұмыспен қамту орталығы білім беру бөлімімен және ҰКП өңірлік филиалдарымен бірлесіп бас институтты айқындайды (колледждер, IT компаниялар және т.б.), олар:

                •қатысушыларды іріктеу критерийлерін дайындайды;
                •6 айға дейін оқытудың жұмыс бағдарламасын дайындайды;
                •біліміне, дағдыларына, шеберлігіне тәуелсіз бағалау жүргізу үшін тест бағдарламаларын әзірлейді;
                •оқытуға мастер-тренерлерді тартады;
                •өткізу орнын және тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін базаны айқындайды (шағын жинақталған мектептер, мобильді оқу орталықтары, колледждер, кәсіпкерлер объектілері).

4. Жұмыспен қамту орталығы бас институтпен бірлесіп:

                •әлеуетті қатысушыларды іріктеуді жүзеге асырады;
                •психологиялық тест жүргізеді;
                •оқу және жұмыс шарттарымен таныстырады.

5. Жұмыспен қамту орталығы аудандық комиссияға әлеуетті қатысушылардың тізімін бекіту үшін ұсынады.

6. Жұмыспен қамту орталығы ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп оқу орнын көрсетіп, жұмыс бағдарламасы мен оқуды өткізетін мастер-тренерлердің тізімін қоса,  әлеуетті қатысушыларды олардың топқа қосылғандығы туралы хабардар етеді.

6 айға  дейінгі мерзімге оқытуды ұйымдастыру

7. Жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен  жұмыссыздарды оқыту Бағдарламаның қысқа мерзімді курстары шеңберінде, оның ішінде мобильді оқу орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүзеге асырылады

8. Бас институт Бағдарламаға қатысушылар үшін оқытуды жұмыс бағдарламасына және оқу кестесіне сәйкес ұйымдастырады. Сондай-ақ, оқытуда бизнес жобаны дайындау қамтылған.

9. Жұмыспен қамту орталығы білім беру бөлімімен және ҰКП өңірлік филиалдарымен бірлесіп оқу процесіне бақылауды және мониторингті жүзеге асырады.

10. Жұмыспен қамту орталығы білім беру бөлімімен  және ҰКП өңірлік филиалдарымен бірлесіп Бағдарламаға қатысушылардың біліміне тәуелсіз бағалау жүргізеді.

11. Тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша оң нәтиже алған Бағдарламаға қатысушылар оқу курсын аяқтағаны туралы сертификаттар алады.

Қатысушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

12. Жұмыспен қамту орталығы оқуды аяқтаған адамдарды:

                •жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына жібереді;
                •оларға жеке ісін ашу үшін несиелер алуға жәрдемдеседі;
                •жұмыс берушілер ұйымдастырған әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына жібереді.
 

Бағдарлама қатысушыларын мониторингі жүргізу

Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ:

                • әрбір қатысушыны тіркейді;
                • көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын есепке алады;
                • оқуды аяқтаған адамдардың міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына мониторинг жүргізеді.

Жобаны көшіріп алу: