Call-center 1411

You are here

№6 жоба «Кәсіпкер»

Кәсіпкер

Мақсаты: жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Міндеті: өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды жеке ісін ашу үшін кәсіпкерлік дағдыларына оқыту
Шарттары:

1. Жастар, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жобаның қатысушысы бола алады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, сондай-ақ кредиттік берешегі бар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер жобаға қатысушы бола алмайды.
2. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бизнестің тиісті салалары бойынша қалыптасқан кәсіпкерлер мен тәжірибелі сарапшыларды тарта отырып, колледждерде 2 айдан 6 айға дейін және ҰКП өңірлік филиалдарының Кәсіпкерлікке оқыту орталықтарында 1 айға дейін жүргізіледі.
3. Жобаға қатысушылар:
              •кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың толық курсынан өтуге;
              •тәжірибелік сабақтар кәсіпкерлердің базасында немесе кәсіпкерліктің өңірлік филиалдарының келісімі бойынша  жұмыспен қамту орталығы айқындаған басқа да базаларда өтуге тиіс.
4. Кредит алғанға дейін қатысушылар салық органдарында тіркеледі.

5. Қатысушы «Еңбек нарығы» ААЖ-ның «Бос жұмыс орны» жеке қосымшасына ТІРКЕЛУІ ТИІС.

Жобаны іске асыруды ұйымдастыру

1.Жұмыспен қамту орталығы өңірді экономикалық дамытуды және кәсіпкерлікті дамытуды жоспарлау бөлімдерімен және ҰКП өңірлік филиалдарымен бірлесіп кәсіпкерлік картасын әзірлейді және бизнесті дамытудың басым бағыттарын айқындайды.

2.Жұмыспен қамту орталығы ҰҚП өңірлік филиалдары кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырады және оларды жобаның басталуы, жобаның шарттары, бизнесті кеңейту мүмкіндіктері, кадрлар даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру туралы хабардар етеді.
 
3.Жұмыспен қамту орталығы халыққа жаңа жобаның іске асырыла бастағаны, жобаның мақсаттары, шарттары, қатысушыларды оқыту, іріктеу критерийлері туралы БАҚ арқылы хабарлайды.
 
4.Жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлікті дамыту бөлімімен және ҰКП өңірлік филиалдарымен бірлесіп конкурстық негізде бас институтты айқындайды, ол:
 
              •қатысушыларды іріктеу критерийлерін дайындайды;
              •6 айға дейін оқытудың жұмыс бағдарламасын дайындайды;
              •біліміне, дағдыларына, шеберлігіне тәуелсіз бағалау жүргізу үшін тест бағдарламаларын әзірлейді;
              •оқытуға мастер-тренерлерді тартады;
              •өткізу орнын және тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін базаны айқындайды (шағын жинақталған мектептер, мобильді оқу орталықтары, колледждер, кәсіпкерлік нысандары).

5. Жұмыспен қамту орталығы бас институтпен бірлесіп:

              •әлеуетті қатысушыларды іріктеуді жүзеге асырады;
              •психологиялық тест жүргізеді;
              •оқу және жұмыс шарттарымен таныстырады.
 
6.Жұмыспен қамту орталығы аудандық комиссияға әлеуетті қатысушылардың тізімін бекіту үшін ұсынады.

7. Жұмыспен қамту орталығы ауылдың округтердің әкімдерімен бірлесіп оқу орнын көрсетіп, жұмыс бағдарламасы мен оқуды өткізетін мастер-тренерлердің тізімін қоса бере отырып, әлеуетті қатысушыларды олардың топқа қосылғандығы туралы хабардар етеді.

6 айға  дейінгі мерзімге оқытуды ұйымдастыру

8. Жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен  жұмыссыздарды оқыту Бағдарламаның қысқа мерзімді курстары шеңберінде, оның ішінде мобильді оқу орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

9.   Бас институт Бағдарламаға қатысушыларды оқытуды жұмыс бағдарламасына және оқу кестесіне сәйкес ұйымдастырады.

10. Жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлікті дамыту бөлімімен және ҰКП өңірлік филиалдарымен бірлесіп оқу процесіне бақылауды және мониторингті жүзеге асырады.

11. Жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлікті дамыту бөлімімен  және ҰКП өңірлік филиалдарымен бірлесіп Бағдарламаға қатысушылардың білімін тәуелсіз бағалауды жүргізеді.

12. Тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша оң нәтиже алған Бағдарламаға қатысушылар оқу курсын аяқтағаны туралы сертификаттар алады.

1 айға дейінгі мерзімге оқытуды ұйымдастыру

Бастау – бизнес жобасы

13. ҰКП өңірлік филиалдары:

             •оқытуды өткізу орнын;
             •техникалық жабдықтарды;
             •көрнекі материалдарды айқындайды.

14.   Оқыту 10 күнге дейін созылады. Оқыту жеке тәжірибелік кеңес беруді қамтиды.

15. Әрбір топтың бизнес-тренері мен үйлестірушісі болады және бизнес жобаны дайындайды.

16. Оқыту аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификат алады.

17. ҰКП өңірлік филиалы «Бастау Бизнес» түлектерінің бизнес жобасын 12 ай бойы қадағалап, қолдап отырады.  

Қатысушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

18. Жұмыспен қамту орталығы оқуды аяқтаған адамдарға:

             •жеке ісін ашу үшін несие алуға жәрдемдеседі ;
             •оларды қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар мәлімдеген бос жұмыс орындарына жібереді;
             •қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар ұйымдастырған әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына жібереді.

19. Жұмыспен қамту орталығы ҰКП өңірлік филиалдарымен бірлесіп оқуды ойдағыдай аяқтаған адамдарға:

             •жеке ісін ашу және бизнесін кеңейту үшін несиелер алуға жәрдемдеседі;
             •кәсіпкерлер мәлімдеген бос жұмыс орындарына жібереді.

Бағдарлама қатысушыларын мониторингі жүргізу

Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ:

             • әрбір қатысушыны тіркейді;
             • көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын есепке алады;
             • оқуды аяқтаған адамдардың міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына мониторинг жүргізеді.

Жобаны көшіріп алу: