Call-center 1411

You are here

№5 жоба «Бос жұмыс орны»

Бос жұмыс орны

Мақсаты: жұмыс берушілердің білікті мамандарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету
Міндеті: жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілердегі сұранысқа ие кәсіптер бойынша оқыту.
Шарттары:

1. Оқыту тек жұмыс берушілер мәлімдеген кәсіптер бойынша жүргізілетін болады.
2. Жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар жоба қатысушылары бола алады. 
3. Оқыту тиісті кәсіптер бойынша үздік тәжірибелі сарапшылар тартыла отырып, 2 айдан 6 айға дейін жүргізілетін болады.
4. Жоба қатысушылары:
              • жұмыс беруші мәлімдеген кәсіп бойынша толық оқыту курсынан өтуге;
              • кәсіпорындар базасында немесе жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушімен келісу бойынша айқындаған басқа да базаларда практикалық сабақтарды өтуге міндетті.

5. Оң баға алған бағдарлама қатысушыларына кәсібі көрсетілген, толық курсты өткені туралы сертификат беріліп, олар жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына жіберіледі.

6. Қатысушы «Еңбек нарығы» ААЖ «Бос жұмыс орны» жеке қосымшасында ТІРКЕЛУІ ТИІС.

Жобаны іске асыруды ұйымдастыру

1.Жұмыс берушілер немесе жекеше жұмыспен қамту агенттіктері (жұмыс беруші жалдаған) бос жұмыс орындары мен нақты кәсіптер бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлауға арналған өтінімді ұсынады.
 
2.Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарын «Еңбек нарығы» ААЖ енгізеді.
 
3.Жұмыспен қамту орталығы барлық жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарын жинақтап, өңірде аталған кәсіп бойынша жұмыс орындарының жалпы санын айқындайды.
 
4.Жұмыспен қамту орталығы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдары жұмыс берушілермен кездесулерді ұйымдастырады және оларды жобаның басталуы, жобаның шарттары, бос жұмыс орындары туралы мәлімдеу, кадрларды даярлау және оларды келешекте жұмысқа орналастыру туралы хабардар етеді.
 
5.Жұмыспен қамту орталығы БАҚ арқылы халыққа жаңа жоба іске асырыла бастағаны, жобаның мақсаттары, шарттары, қатысушыларды оқыту, іріктеу критерийлері туралы хабарлайды.
 
6.Жұмыспен қамту орталығы өнеркәсіпті дамыту бөлімдерімен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірге өтінім ұсынған жұмыс берушілермен кадрларды даярлауға және оларды оқыту аяқталғаннан кейін жұмысқа қабылдауға келісімшартқа қол қояды.

7.Жұмыспен қамту орталығы өнеркәсіпті дамыту бөлімімен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалымен бірлесіп, конкурстық негізде бас институтты таңдайды, ол:

              •қатысушыларды іріктеу критерийлерін дайындайды;
              •6 айға дейін оқытудың жұмыс  бағдарламасын дайындайды;
              •білімін, дағдылары мен машықтарын тәуелсіз бағалауға арналған тестік бағдарламаларды әзірлейді;
              •оқытуға мастер-тренерлерді тартады;
              •практикалық сабақтарды өткізу орнын және базасын (мобильді оқу орталықтары, колледждер, кәсіпкерлердің объектілері) айқындайды.

8. Жұмыспен қамту орталығы бас институтпен бірлесіп:

              •әлеуетті қатысушыларды іріктейді;
              •психологиялық тест өткізеді;
              •оқыту және жұмыс шарттарымен таныстырады.

9. Жұмыспен қамту орталығы әлеуетті қатысушылар тізімін аудандық комиссияға бекіту үшін ұсынады.

10. Жұмыспен қамту орталығы ауылдық округ әкімдерімен бірге әлеуетті қатысушыларға оқыту орнын, жұмыс бағдарламасын және оқытушы-тренерлердің тізімін қоса бере отырып, олардың топқа қосылғаны туралы хабарлайды.

11. Бағдарламаның әлеуетті қатысушысының жұмыс берушінің сұранысына жауап беретін кәсібі болған жағдайда, ол жұмысқа орналастыруға жіберілуі мүмкін.

Оқыту процесін ұйымдастыру

12. Жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды оқыту Бағдарламасының қысқа мерзімді курстары шеңберінде, оның ішінде мобильді оқыту орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланыла отырып жүзеге асыралатын болады.

13. Бас институт Бағдарлама қатысушыларын оқытуды жұмыс бағдарламасына және оқыту кестесіне сәйкес ұйымдастырады.

14. Жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлікті дамыту бөлімімен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірге оқыту процесін бақылауды және мониторингті жүзеге асырады.

15. Жұмыспен қамту орталығы өнеркәсіпті дамыту бөлімімен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірге Бағдарлама қатысушыларының білімін тәуелсіз бағалауды жүргізеді.

16. Бағалау қорытындысы бойынша оң баға алған жоба қатысушылары оқыту курсын аяқтау туралы сертификат алады және өтінімдер ұсынған жұмыс берушілерге жұмысқа орналастыруға жіберіледі.

Қатысушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

17. Жұмыспен қамту орталығы оқуды аяқтаған адамдарды:

              •жұмыс беруші мәлімдеген бос жұмыс орындарына жібереді;
              •жұмыс берушілер ұйымдастырған әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына жібереді;
              •жеке ісін ашу үшін несие алуға жәрдемдеседі.

Бағдарлама қатысушыларын мониторингілеу

Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ:

        • әрбір қатысушыны тіркейді;
        • көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын есепке алады;
        • оқуды аяқтаған адамдардың міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына мониторинг жүргізеді.

Жобаны көшіріп алу: