Call-center 1411

You are here

№4 жоба «Кәсіп»

Кәсіп

Мақсаты: жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту
Міндеті: жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды нарықта сұранысқа ие кәсіптер бойынша оқыту
Шарттары:

1. 15 жастан 29 жасқа дейінгі жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз адамдар жобаның қатысушылары бола алады.
2. Оқыту тиісті кәсіптер бойынша үздік мастер-практиктер тартыла отырып, 2 айдан 6 айға дейін жүргізілетін болады.
3. Жоба қатысушылары толық оқыту курсынан өтуге және курсты аяқтағаннан кейін алған кәсіптері бойынша білімдерін, дағдыларын және машықтарын тәуелсіз бағалаудан өтуі тиіс.
4. Оң баға алған жоба қатысушыларына кәсібі көрсетілген, толық курстан өткені туралы сертификат табысталады.
5. Қатысушы «Еңбек нарығы» ААЖ «Кәсіп» жеке қосымшасында ТІРКЕЛУІ ТИІС.

Жобаны іске асыруды ұйымдастыру

1. Жұмыспен қамту орталығы өңірдің экономикалық дамуын жоспарлау, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі органдармен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірге кәсіпкерлік картасын әзірлейді және қызмет көрсету саласында кадрларға деген сұранысты айқындайды. 
 
2. Жұмыспен қамту орталығы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдары қызмет көрсету саласындағы ұйымдармен кездесулер ұйымдастырады және оларды жобаның басталуы, жобаның шарттары, бос жұмыс орындары туралы мәлімдеу, кадрларды даярлау және оларды келешекте жұмысқа орналастыру туралы хабардар етеді.
 
3. Жұмыспен қамту орталығы БАҚ арқылы халыққа жаңа жоба іске асырыла бастағаны, жобаның мақсаттары, шарттары, қатысушыларды оқыту, іріктеу қағидалары туралы хабарлайды.
 
4. Жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлікті дамыту бөлімімен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірлесіп, конкурстық негізде бас институтты таңдайды, ол:
          • қатысушыларды іріктеу критерийлерін дайындайды;
          • 6 айға дейін оқытудың жұмыс  бағдарламасын дайындайды;
          • білімін, дағдылары мен машықтарын тәуелсіз бағалауға арналған тестік бағдарламаларды әзірлейді;
          • оқытуға оқытушы-тренерлерді тартады;
          • практикалық сабақтарды өткізу орнын және базасын (шағын жинақталған мектептер, мобильді оқу орталықтары, колледждер, кәсіпкерлік нысандар) айқындайды.

5. Жұмыспен қамту орталығы бас институтпен бірлесіп:

          • әлеуетті қатысушыларды іріктейді;
          • психологиялық тест өткізеді;
          • оқыту және жұмыс шарттарымен таныстырады.

6. Жұмыспен қамту орталығы әлеуетті қатысушылар тізімін аудандық комиссияға бекіту үшін ұсынады.

7. Жұмыспен қамту орталығы ауылдық округ әкімдерімен бірге әлеуетті қатысушыларға оқыту орнын, жұмыс бағдарламасын және оқытушы мастер-тренерлердің тізімін қоса бере отырып, олардың топқа қосылғаны туралы хабарлайды.

Оқыту процесін ұйымдастыру

8. Жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды оқыту Бағдарламаның қысқа мерзімді курстары шеңберінде, оның ішінде мобильді оқу орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланыла отырып жүзеге асыралатын болады.

9. Бас институт Бағдарлама қатысушыларын оқытуды жұмыс бағдарламасына және оқыту кестесіне сәйкес ұйымдастырады.

10. Жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлікті дамыту бөлімімен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірге оқыту процесін бақылауды және мониторингті жүзеге асырады.

11. Жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлікті дамыту бөлімімен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірге Бағдарлама қатысушыларының білімін тәуелсіз бағалауды жүргізеді.

12. Бағалау қорытындысы бойынша оң баға алған жоба қатысушылары оқыту курсын аяқтау туралы сертификат алады.

Қатысушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

13. Жұмыспен қамту орталығы оқуды аяқтаған адамдарды:

         • өз ісін ашу үшін несие алуға көмектеседі;
         • қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар мәлімдеген бос жұмыс орындарына жібереді;
         • қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар  ұйымдастырған әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына жібереді.

Бағдарлама қатысушыларын мониторингі жүргізу

Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ:

        • әрбір қатысушыны тіркейді;
        • көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын есепке алады;
        • оқуды аяқтаған адамдардың міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына мониторинг жүргізеді.

Жобаны көшіріп алу: