Call-center 1411

You are here

№3 жоба «Кеңесші»

Кеңесші

Мақсаты: зейнеткерлік және зейнеталды жастағы адамдардың жұмыспен қамтылуын арттыру.
Міндеті: өмірлік қиын жағдайдағы адамдармен жұмыс жасау үшін зейнеткерлік және зейнеталды жастағы адамдарды оқыту.
Шарттары:

1. Қатысушылар зейнеткерлік және зейнеталды жастағы адамдар қатарынан таңдалады.
2. Оқыту тиісті кәсіптер бойынша үздік мастер-практиктер тартыла отырып, 2 айдан 6 айға дейін жүргізілетін болады.
3. Консультант қызметтерімен қамтылуға жататын қызмет көрсетілетін адамдардың саны қолданыстағы заңнамада белгіленген нормативтерге сәйкес келуге тиіс.
4. Жоба қатысушылары толық оқыту курсынан өтуге және курсты аяқтағаннан кейін алған кәсіптері бойынша алған білімін, дағдылары мен машықтарын тәуелсіз бағалаудан өткізуі тиіс.
5. Оң баға алған жоба қатысушыларына кәсібі көрсетілген, толық курстан өткені туралы сертификат табысталады.
6. Қатысушы «Еңбек нарығы» ААЖ «Кеңесші» жеке қосымшасына ТІРКЕЛУІ ҚАЖЕТ.

Жобаны іске асыруды ұйымдастыру

1.Жұмыспен қамту орталығы ауылдық округ әкімдерімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен бірге:
             • мемлекеттік қолдауға мұқтаж адамдардың санын;
             • өмірлік қиын жағдайдағы адамдармен жұмыс жасау үшін қажетті кеңесшілерге деген мұқтаждықты айқындайды.

2.Жұмыспен қамту орталығы БАҚ арқылы халықты жаңа жобаның іске асырыла бастағаны, жобаның мақсаттары, шарттары, қатысушыларды оқыту, іріктеу критерийлері туралы хабардар етеді.

3.Жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірлесіп, конкурстық негізде бас институтты таңдайды, ол:
             • қатысушыларды іріктеу қағидаларын дайындайды;
             • 6 айға дейін оқытудың жұмыс  бағдарламасын жасайды;
             • білімдерін, дағдылары мен машықтарын тәуелсіз бағалауға арналған тестік бағдарламаларды әзірлейді;
             • оқытуға мастер-тренерлерді тартады;
             • практикалық сабақтарды өткізу орнын және базасын (медициналық-әлеуметтік ұйымдар, шағын жинақталған мектептер және мобильді оқу орталықтары) айқындайды.

4. Жұмыспен қамту орталығы бас институтпен бірлесіп:
             • әлеуетті қатысушыларды іріктейді;
             • психологиялық тест өткізеді;
             • оқыту және жұмыс шарттарымен таныстырады.

5. Жұмыспен қамту орталығы әлеуетті қатысушылар тізімін аудандық комиссияға бекіту үшін ұсынады.

6. Жұмыспен қамту орталығы ауылдық округ әкімдерімен бірге әлеуетті қатысушыларға оқыту орнын, жұмыс бағдарламасын және оқытушы, оқытушы-тренерлердің тізімін қоса бере отырып, олардың топқа қосылғаны туралы хабарлайды.

Оқыту процесін ұйымдастыру

7. Зейнеткерлік және зейнеталды жастағы адамдарды оқыту Бағдарламаның қысқа мерзімді курстары шеңберінде, оның ішінде мобильді оқу орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланыла отырып жүзеге асыралатын болады.

8. Бас институт Бағдарлама қатысушыларын оқытуды жұмыс бағдарламасына және оқыту кестесіне сәйкес ұйымдастырады.

9. Жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірге оқыту процесін бақылауды және мониторингті жүзеге асырады.

10. Жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге Бағдарлама қатысушыларының білімін тәуелсіз бағалауды жүргізеді.

11. Бағалау қорытындысы бойынша оң баға алған жоба қатысушылары оқыту курсын аяқтау туралы сертификат алады.

Қатысушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

12. Жұмыспен қамту орталығы оқуды аяқтаған адамдарды:

             • жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанынан ашылған әлеуметтік жұмыс орындарына өмірлік қиын жағдайдағы адамдармен жұмыс жасау үшін жібереді;
             • медициналық-әлеуметтік мекемелер мәлімдеген бос жұмыс орындарына жібереді;
             • өз ісін ашу үшін несие алуына жәрдемдеседі.

Бағдарлама қатысушыларын мониторингілеу

Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ:

        • әрбір қатысушыны тіркейді;
        • көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын есепке алады;
        • оқуды аяқтаған адамдардың міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына мониторинг жүргізеді.

Іс-қимыл жоспары

ЕРДО мыналарды әзірлейді:

1.Бас институттар айқындаған үкіметтік емес ұйымдар арасында конкурс өткізуге арналған техникалық тапсырманы.
2.Бас институттармен жасалатын шарттың жобасын, онда қызметтерді сатып алу және оларға ақы төлеу шарттарында көрініс табуы тиіс. Ақы төлеу бағдарлама қатысушыларының білімін, дағдылары мен машықтарын тәуелсіз бағалау нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асыралатын болады.
3.Оқуды аяқтаған Бағдарлама қатысушыларының білімін, дағдылары мен машықтарын тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ететін ұйымды таңдау үшін конкурс өткізуге арналған техникалық тапсырманы.
4.Әлеуметтік тапсырысты және мемлекеттік тапсырманы орындайтын ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жіберілген бағдарлама қатысушыларының қызметін бағалау критерийлерін.
5.Қатысушылардың жеке жоспарларының түрлері мен нысандарын. Олар жеңіл әрі түсінікті болуы тиіс. 
6.БАҚ-тағы, оның ішінде телевизиядағы және әлеуметтік желілердегі жобаның мақсаттары мен міндеттері көрсетілген хабарландырулардың жобаларын.
Жобаны көшіріп алу: