Call-center 1411

You are here

№2 жоба «Кәсіби бала күтуші»

Кәсіби бала күтуші

Мақсаты: әйелдердің еңбекпен қамтылуын арттыру
Міндеті: әйелдерге 3 жасқа дейінгі балаға, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаға күтім жасау дағдыларын үйрету.
Шарттары:

1.Жоба қатысушылары ЖАСЫ 20-ДАН 45-КЕ ДЕЙІНГІ ӘЙЕЛДЕР ҚАТАРЫНАН таңдалады.
2.Жоба қатысушылары толық оқыту курсынан өтуге және курсты аяқтағаннан кейін алған кәсіптері бойынша білімдерін, дағдылары мен машықтарын тәуелсіз бағалаудан өтуі тиіс.
3.Оң баға алған жоба қатысушыларына кәсібі көрсетілген, толық курстан өткені туралы сертификат табысталады.
4.Күтім жасалатын балалар саны – 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ 1 БАЛА.
5.Қатысушы «Еңбек нарығы» ААЖ «Кәсіби бала күтуші» жеке қосымшасында ТІРКЕЛУІ ТИІС.

Жобаны іске асыруды ұйымдастыру

1. Жұмыспен қамту орталығы (ауылда – ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ақпараттық жүйелері арқылы 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдердің санын нақтылайды және әйелдердің қалауы бойынша кәсіби бала күтушілерге деген қажеттілікті айқындайды.

2. Жұмыспен қамту орталығы (ауылда – ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен) БАҚ арқылы халықты жаңа жобаның іске асырыла бастауы, жобаның мақсаттары, шарттары, қатысушыларды оқыту, іріктеу қағидалары туралы хабардар етеді.

3. Жұмыспен қамту орталығы білім бөлімімен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, конкурстық негізде бас институтты таңдайды (ол жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар болуы мүмкін), ол:

        • қатысушыларды іріктеу қағидаларын дайындайды;
        • 6 айға дейін оқытудың жұмыс  бағдарламасын дайындайды;
        • білімдерін, дағдылары мен машықтарын тәуелсіз бағалауға арналған тесттік бағдарламаларды әзірлейді;
        • оқытуға оқытушы-тренерлерді тартады;
        • тәжірибелік сабақтарды өткізу орнын және базасын айқындайды.
 
4. Жұмыспен қамту орталығы бас институтпен бірлесіп:

         • әлеуетті қатысушыларды іріктейді;

         • психологиялық тест өткізеді;
         • оқыту және жұмыс шарттарымен таныстырады.

5. Жұмыспен қамту орталығы әлеуетті қатысушылар тізімін аудандық комиссияға бекіту үшін ұсынады.

6. Жұмыспен қамту орталығы ауылдық округ әкімдерімен бірге әлеуетті қатысушыларға оқыту орнын, жұмыс бағдарламасын және оқытушы мастер-тренерлердің тізімін қоса бере отырып, олардың топқа қосылғаны туралы хабарлайды.

Оқыту процесін ұйымдастыру

7. Оқыту Бағдарламасының қысқа мерзімді курстары шеңберінде, оның ішінде мобильді оқу орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланыла отырып жүзеге асыралатын болады.

8. Бас институт Бағдарлама қатысушыларын оқытуды жұмыс бағдарламасына және оқыту кестесіне сәйкес ұйымдастырады.

9. Жұмыспен қамту орталығы білім бөлімімен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірге оқыту процесін бақылауды және мониторингті жүзеге асырады.

10. Жұмыспен қамту орталығы білім бөлімімен бірге Бағдарлама қатысушыларының білімін тәуелсіз бағалауды жүргізеді.

11. Бағалау қорытындысы бойынша оң баға алған жоба қатысушылары оқыту курсын аяқтау туралы сертификат алады.

Қатысушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

12. Жұмыспен қамту орталығы оқуды аяқтаған адамдарды:

         • мектепке дейінгі балалар ұйымдары, медициналық-әлеуметтік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мәлімдеген бос жұмыс орындарына;
         • кәсіби бала күтушінің қызметтеріне қажеттілік жөнінде электрондық биржада мәлімдеген немесе жұмыспен қамту орталығына жүгінген ұйымдар мен жеке тұлғалардың (отбасылардың) әлеуметтік жұмыс орындарына    
           жібереді.
 
13. Жұмыспен қамту орталығы ұйымдармен, отбасылармен және оқуды аяқтаған адамдармен үш жақты шарт жасасады.

Бағдарлама қатысушыларын мониторингілеу

Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ:

        • әрбір қатысушыны тіркейді;
        • көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын есепке алады;
        • оқуды аяқтаған адамдардың міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына мониторинг жүргізеді.

Жобаны көшіріп алу: