Call-center 1411

You are here

№1 жоба «Үйлердегі шағын балабақшалар»

Үйлердегі шағын балабақшалар

Мақсаты: зейнет және зейнеталды жастағы әйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру
Міндеті: зейнет және зейнеталды жастағы әйелдерді 6 жасқа дейінгі балаларға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға күтім жасауға оқыту
Шарттары:

1. Жобаға қатысушылар зейнет және зейнеталды жастағы әйелдердің ішінен іріктеліп алынады.
2. Жобаға қатысушылар оқытудың толық курсынан өтуге және курсты аяқтағаннан кейін алған білімі, дағдысы және білігі бойынша тәуелсіз бағалаудан өтуі тиіс.
3. Оң баға алған жобаға қатысушыларға сертификат беріледі.
4. Құрылатын шағын-балабақшаларда қамтылуға жататын балалардың саны белгіленген нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
5.Шағын-балабақшаларға баратын балалар бір отбасынан немесе бірнеше отбасынан болуы мүмкін.
6.Шағын-балабақшаларды тәрбиешілердің өздері тұратын, не балалар ата-аналарымен бірге тұратын  үйлерде, не мемлекеттік және жеке меншік балалар ұйымдарында бос алаңдар болса сонда ашуға болады. Ұсынылған барлық орынжайлар санитарлық нормаларға сай келуі тиіс.
7.Қатысушы «Еңбек нарығы» ААЖ «Шағын-балабақша» қосымшасына тіркелуі қажет.

 Жобаны іске асыруды ұйымдастыру

1. Аудандардың, қалалардың және ауылдардың әкімдері:

         • мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтылмаған мектепке дейінгі жастағы балалардың санына қарай қажетті  «үйлердегі шағын балабақшалардың»;
         • шағын-балабақшаларда жұмыс істеуге қажетті тәрбиешілердің санын айқындайды.

2. Жұмыспен қамту орталығы БАҚ арқылы жаңа жобаны іске асырудың басталуы, жобаның мақсаты, шарттары, қатысушыларды оқыту, іріктеу қағидалары туралы хабардар етеді.

3. Жұмыспен қамту орталығы білім беру бөлімімен, ҰКП өңірлік филиалдарымен және ҮЕҰ бірлесіп конкурстық негізде бас институтты іріктейді (жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдар, ҮЕҰ бола алады), олар:

         • қатысушыларды іріктеу қағидаларын дайындайды;
         • 6 айға дейінгі оқытудың жұмыс бағдарламасын дайындайды;
         • алған білімі, дағдысы және білігі бойынша тәуелсіз бағалау үшін тестілік бағдарламаларды әзірлейді;
         • оқытуға оқытушы-тренерлерді тартады;
         • тәжірибелік сабақтар өткізетін орынды және базаны (шағын жинақталған мектеп, мектепке дейінгі ұйымдар (мемлекеттік және жеке меншік), мобильді оқу орталықтары) таңдайды.

4. Жұмыспен қамту орталығы бас институтпен бірлесіп:

         • әлеуетті қатысушыларды іріктейді;
         • психологиялық тест жүргізеді;
         • оқыту және жұмыс шарттарымен таныстырады.

5.  Жұмыспен қамту орталығы аудандық комиссияға бекіту үшін әлеуетті қатысушылардың тізімін ұсынады.

6. Жұмыспен қамту орталығы ауылдық округ әкімдерімен бірге әлеуетті қатысушыларға оқыту орнын, жұмыс бағдарламасын және оқытушы, оқытушы-тренерлердің тізімін қоса бере отырып, олардың топқа қосылғаны туралы хабарлайды.

Оқыту процесін ұйымдастыру

7. Зейнеткерлік және зейнеталды жастағы әйелдерді оқыту Бағдарламаның қысқа мерзімді курстары шеңберінде, оның ішінде мобильді оқу орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланыла отырып жүзеге асыралатын болады.

8. Бас институт Бағдарлама қатысушыларын оқытуды жұмыс бағдарламасына және оқыту кестесіне сәйкес ұйымдастырады.

9. Жұмыспен қамту орталығы білім бөлімімен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірге оқыту процесін бақылау мен мониторингті жүзеге асырады.

10. Жұмыспен қамту орталығы білім бөлімімен бірге Бағдарлама қатысушыларының білімін тәуелсіз бағалауды жүргізеді.

11. Бағалау қорытындысы бойынша оң баға алған жоба қатысушылары оқыту курсын аяқтау туралы сертификат алады.

Қатысушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

12.  Жұмыспен қамту орталығы оқуды аяқтаған адамдарды:

        • шағын-балабақшалардағы, аудандардың (қалалардың), ауылдық округтердің әкімдері ұйымдастырған жаңа жұмыс орындарына (не әлеуметтік жұмыс орындарына);
        • мектепке дейінгі балалар ұйымдары, медициналық-әлеуметтік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мәлімдеген бос жұмыс орындарына жолдайды.

13.  Жұмыспен қамту орталығы шағын балабақшалардың басшыларымен және оқуды аяқтаған адамдармен әлеуметтік жұмыс орындарымен үшжақты шарт жасасады.

Бағдарлама қатысушыларын мониторингілеу

Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ:

        • әрбір қатысушыны тіркейді;
        • көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын есепке алады;
        • оқуды аяқтаған адамдардың міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына мониторинг жүргізеді.

Жобаны көшіріп алу: