Call-center 1411

You are here

Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 31 қаңтардағы
№ 33 бұйрығына
1-қосымша

      Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары

      1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде әзірленді және шағын қалалардан басқа Қазақстан Республикасының қалаларында микрокредит беру тәртібін айқындайды.

      Қағидалар шеңберінде микрокредиттер беру жұмыссыздарға, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар ретінде пайдаланылады.

      2-тарау. Терминдер және анықтамалар

       2. Қағидаларда мынандай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

       1) микрокредит беру ұйымы – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

       2) кредитор – микроқаржы ұйымы/ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ);

      3) микрокредит беру туралы шарт – кредитор мен Бағдарлама қатысушының арасында соңғысына осы Қағидаларда айқындалған мақсаттарға берілетін кредит қаражаты есебінен микрокредит беру үшін жасалатын жазбаша келісім;

      4) инвестициялар – негізгі құралдарды сатып алу/ салу/жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу, биологиялық/материалдық емес активтерді сатып алу.

       5) кредиттік келісім – азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған микредит беру ұйымы мен кредитор арасында кредит беру туралы жазбаша келісім. Кредиттік келісімнің нысанын микрокредит беру ұйымы бекітеді;

       6) қарыз шарты жергілікті атқарушы орган мен микрокредит беру ұйымы арасындағы азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын бюджеттік кредит беру туралы жазбаша келісім.

       7) кредит – Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін кредиттік келісім негізінде кредиторға микрокредит беру ұйымы беретін ақша сомасы;

      8) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) микрокредит – МҚҰ/ЕДБ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыға берілетін қарыз қаражаты;

      10) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      11) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит алушылар болып табылатын кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың мүшелері;

      12) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі кредиторға микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер;

       13) стартап жобалар – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде бір жылға құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес жобалары;

      14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – кәсіпкерлік саласында басшылықты және салааралық үйлесітіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

      3-тарау. Кредиторларға қаражатты шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері

       3. Микрокредиттерді Бағдарламаға қатысушыларға бюджет қаражаты есебінен кредиторлар береді.

      Уәкілетті орган ЖАО-ларға Бағдарламаға қатысушылардың жобаларына микрокредит беру үшін қаражат бөледі. ЖАО-лар қоса қаржыландыру шарттарында жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөледі. ЖАО мен микрокредит беру ұйымы арасында қарыз шарты жасалады, оған сәйкес бюджет қаражатын жалпы сомасы бюджеттік кредит түрінде мынадай шарттарда микрокредит беру ұйымына бөлінеді:

      1) жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 %-бен қайтарымдық, жеделділік, ақылылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану қағидаттарында 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзіммен; 

     2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының қалаларында жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларды одан әрі қаржыландыруға арналған қаражатты кредиторларға орналастыру;

      3) қаражатты игеру мерзімі – 12 ай;

      4) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

       4. Микрокредит беру ұйымы кредиторлар өтінімдері негізінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін кредиторлар тізбесін және олар бойынша орналастырылу сомасын айқындайды;

       Микрокредит беру ұйымы мынандай шарттарда азаматтық заңнамаға сәйкес кредиторлармен кредиттік келісімдер жасайды:

     1) кредит Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын оның ішінде Қазақстан Республикасының қалаларында іске асыруға жоспарланатын және/немесе іске асырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын нысаналы мақсатымен қаржыландыру, жылдық 1%-бен 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзімге кредит желісі Бағдарламаның қатысушыларын микрокредиттеу үшін қалалардың тізімінде көрсетілген нысанында беріледі;

       2) кредит валютасы – теңге;

       3) кредиторлардың орналастырылған қаражатты игеру мерзімі кредиттік келісім жасалған күннен бастап 12 (он екі) ай;

       4) кредиттік келісім шеңберінде кредиторларға кредит қаражаты бір сомамен (бір траншпен) немесе бірнеше траншпен беріледі. Бұл ретте, транш(тар) бір кредиттік келісім шеңберінде беріледі.

      Бұл ретте, әр транш Бағдарлама қатысушылары жобаларының қалыптастырылған тізбесімен кредитор өтінімінің негізінде беріледі.

      5) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

      6) ЕДБ арналған кредиттер қамтамасыз етусіз беріледі. Микроқаржы ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес есептелген "сенімділігі жоғары" және "сенімді" рейтингімен қаржы тұрақты МҚҰ үшін кредиттер де қамтамасыз етусіз ұсынылады. Рейтингі төменірек МҚҰ кредиттері микрокредит беру ұйымының кепілзат саясатының талаптарына жауап беретін қамтамасыз етумен беріледі (екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері, ақша, банк салымдары, жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері);

      7) кредиторлар микрокредит беру ұйымының алдында орналастырылған кредит қаражатының игерілуі мен мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп береді. Кредиторлардың есептерде беру тәртібі, нысаны және кезеңділігі, сонымен қатар кредит берудің басқа да шарттары кредиттік келісімде белгіленеді;

     8) кредиттік келісімнің қолжетімділігі кезеңінде кредиторлар кредит сомасын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған, кредиторлар орналастырылатын қаражаты мақсатты пайдаланбаған толық немесе жартылай игермеген жағдайларда, және/немесе кредиттік келісімде көзделген басқа жағдайлар орын алған кезде, микрокредит беру ұйымы кредиттік келісім шарттарына сәйкес кредиторларға қатысты шара қолданады, оның ішінде кредиттік келісімді мерзімінен бұрын бұзу және (немесе) оларды басқа кредиторлар арасында қайта бөле отырып, орналастырылған қаражатты қайтарып алу мәселесіне бастамашылық жасауға құқылы. Қайтарылған, сонымен қатар кредиторлар мерзімінен бұрын өтеген қаражатты қайта бөлу уәкілетті органмен келісе отырып, кредиторлар арасында жүзеге асырылады.

      9) кредиторлар бөлінген қаражатты қаржы құралдарын инвестициялауға және/немесе олармен операция жасауға, сонымен қатар, шетелдік валютаны сатып алу үшін валюта нарығына жібермейді;

     10) кредиттік келісімінің қолданылу кезеңінде Бағдарлама қатысушылары қайтарған кредит қаражат кредиторлар, бұрын алынған микрокредиттерді өтеу арқылы кредиттік келісім айқындалған шарттармен Бағдарлама қатысушыларының жобаларын одан әрі қаржыландыруға үш айдың ішінде жолдайды немесе микрокредит беру ұйымына қайтарылады.

      4-тарау. Бағдарлама қатысушыларының жобаларын қаржыландыру шарттары

      5. Микрокредиттерді шағын қалаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қалаларында жобаларын іске асырып жатқан немесе іске асыруға жоспарлап отырған Бағдарлама қатысушыларына кредиторлар береді.

      6. Микрокредиттер кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға басым тәртіпте беріледі.

     7. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасының шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан немесе Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде кәсіпкерліктің негіздерінен өткеннен кейін не соңғы екі жылдың ішінде басқа бағдарламалардың аясында кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттың болуы кезінде беріледі.

      Бағдарлама шеңберінде қатысушыларына арналған микрокредиттер (ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қоспағанда) жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрған кезде беріледі. Кредиторлар микрокредит беру туралы шартта жаңа тұрақты жұмыс орындарын Бағдарлама қатысушысының құруы жөніндегі шартты міндетті түрде көрсетеді.

       8. Микрокредиттер жеделділік, ақылылық, қайтарымдылық, мақсатты пайдалану қағидаттары сақтала отырып, Бағдарлама қатысушыларына мынындай шарттармен ұсынылады:

       1) Бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландырудың жоғары лимиті – тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген, 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК). Бұл ретте, Бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландырудың ең жоғары лимиті кредиттер және (немесе) онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржы лизингінің шарттары бойынша берешекті есепке алмай есептеледі;

       2) микрокредит (тер) бойынша кредиторлардың алдында Бағдарламаның бір қатысушысының негізгі борышы бойынша берешек қалдығының жалпы сомасы 8 000 (сегіз мың) АЕК көлемі сомасынан аспауы тиіс. Осы шартты ескере отырып, Бағдарламаның бір қатысушысы үшін микрокдиттер көлемі шектелмейді.

      3) Микрокредиттердің нысаналы мақсаты – айналымдағы қаражатты инвестициялау/толтыру. Бұл ретте, микрокредиттерді беру сауда саласында іске асыруға жоспарланған немесе іске асырылатын жобалар бойынша айналымдағы қаражатты толтыру мақсаттарында жүзеге асырылмайды (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші "Көтерме және бөлшектеп саудалау; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу" G секциясы (бұдан әрі – ЭҚЖЖ), ЭҚЖЖ 45.20 және 45.40 класында көзделген автокөлік құралдары мен мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қоспағанда);

      4) микрокредиттердің мерзімі:

       инвестицияларға 5 (бес) жылдан көп емес жылға дейін;

      айналымдағы қаражатты толтыруға 3 (үш) жылдан көп емес;

      5) микрокредит бойынша сыйақының тиімді мөлшерлемесі – жылына 6% аспайды;

      6) микрокредиттердің валютасы – теңге;

      7) негізгі борыш және есептелген сыйақы бойынша жеңілдік кезеңі – кредитор шешімі бойынша микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды;

      8) Кредиторлар микрокредит бойынша міндеттемелерді Бағдарлама қатысушыларының бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа төлемдерді қоспағанда, Бағдарлама қатысушысының микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе басқа төлемдер алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың,алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері микрокредит беру ұйымымен алдын ала жазбаша келісіледі;

       Бағдарлама қатысушылары мүлікті бағалау және сақтандыру бойынша шығыстарды төлейді.

       9. Кредиторлар кредиттік келісім сомасының кемінде 20%-ын стартап жобаларды қаржыландыруға жібереді.

       10. Бағдарлама қатысушылары микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде микрокредит беру ұйымының кепілдігін алуды. Бұл ретте, Бағдарлама қатысушыларының жобалары осы бұйрықпен бекітілген қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдендіру қағидаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

       11. Микрокредиттер мына Бағдарлама қатысушыларына берілмейді:

       1) құрылтайшылары акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және ұйымдар, сонымен қатар меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;

      2) мынадай қарыздары бар:

      тұрақтандырылған немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, жергілікті атқарушы органдардың және микрокредит беру ұйымдары қаражатының есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік даму институттары, ЕДБ берген;

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілетін;

      3) "Терминдер және анықтамалар" деген 2-тараудың және "Бағдарлама қатысушыларының жобаларын қаржыландыру шарттары" 4-тараудың талаптарына сәйкес келмейтін;

      4) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар салықтық берешегі, берешегі барлар.

       Берешектің жоқтығы қаржыландыруға Бағдарлама қатысушысы өтінімді берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 Бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5446 болып енгізілді) Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне 18-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқ (бар) екені туралы расталады;

      5) қару (оның ішінде қару шығаруға арналған құрамдастар), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті шығаруды немесе жеткізуді көздейтін жобаларды іске асыратындар;

       6) ойын бизнесін ұйымдастыруды және (немесе) дамытуды көздейтін жобаларды іске асыратындар;

       7) террористік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған кез келген басқа қызметпен байланысты қызметті көздейтін жобаларды іске асыратындар;

      8) моторлы көлік құралдарын шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды немесе өнімдерді шығаруды және көтерме сатуды жүзеге асыратындар;

      9) қиыршықтас және құм карьерлерін игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өнеркәсібінде қызметін жүзеге асыратындар;

      12. Кредиторлар мына мақсаттарға Бағдарлама қатысушыларына микрокредиттер бермейді:

      1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу;

      2) Бағдарлама қатысушыларының бұрын жұмсалған шығындарын өтеу, жеке және/немесе заңды тұлғалардан, оның ішінде қатысушылардан, акционерлерден, лауазымды адамдардан және Бағдарлама қатысушыларының жұмыскерлерінен Бағдарлама қатысушыларының қаржылай көмекті алуына байланысты туындаған берешекті өтеу;

      3) тұтынушылық кредит беру;

       4) қолданыстағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру;

       5) тұрғын үй жылжымайтын мүлігін, жер учаскелерін сатып алу және салу;

       6) Бағдарлама қатысушыларының шаруашылық қызметтерінің шығындарын жабу (бұл ретте, теріс қаржы нәтижесі бар Бағдарлама қатысушыларына микрокредит беруге рұқсат етіледі);

       7) сенім білдірілген өкілдің (агенттердің) қызметіне ақы төлеу;

      8) Бағдарлама қатысушыларының микрокредиттеріне байланысты комиссияларды, алымдарды және / немесе өзге де төлемдерді төлеу;

       9) құнды қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);

      10) үлестес/ байланысты компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды, активтерді сатып алу;

      11) жалған немесе жасанды мәмілелерді төлеу. Жалғандық немесе құралдарды жасандылық фактісі сот шешімімен анықталады;

      12) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6058 болып тіркелді) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесінде және/немесе Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5371 болып тіркелген) бекітілген "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесінде көзделген оффшорлы аумақтарда тіркелген/ашылған контрагенттердің заңды мекенжайлары және/немесе банк шотының деректемелері туралы ақпарат бар кез келген шарттарды/келісімшарттарды/келісімдерді төлеу.

      13. Бағдарлама қатысушыларын қаржыландыру кезінде кредиторлар мынандай қосымша шарттарды сақтайды:

       1) 8 000 (сегіз мың) АЕК асатын жалпы сомаға бір жобаны іске асыру үшін Бағдарламаның бірнеше үлестес қатысушыларын қаржыландыруды жүзеге асырмау. Мына өлшемшарттардың барлығына бір уақытта сәйкес келетін екі немесе одан көп жоба жиынтығы бір жоба болып саналады:

       жоба бір объектінің аумағында іске асырылады;

      жоба ЭҚЖС бір қосалқы класының шеңберінде іске асырылады;

      бір жобаны іске ағыратын Бағдарлама қатысушыларының арасында қаржы ағындары бар;

     2) Бағдарлама қатысушылары микрокредит қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті/активтерді үшінші тұлғаларға ресімдемейді, сонымен қатар мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіндегі құрылысты қоспағанда, үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскесінде объект салуды жүзеге асырмайды;

      3) Бағдарлама қатысушысы ұзақ мерзімді активті сатып алу-сату мәмілелерін бұзған немесе микрокредит қаражатының есебінен сатып алынған ұзақ мерзімді активті иеліктен шығарған жағдайда, Бағдарлама қатысушысы осындай бұзу/иеліктен шығарудан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде кредиторға жазбаша хабарлайды. Аталған шарт микрокредит беру туралы тиісті шартта бекітілуі тиіс. Кредитор Бағдарлама қатысушысынан осындай хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде микрокредит беру ұйымының тиісті хабарламасын жолдайды. Микрокредит беру ұйымы жазбаша талабын жіберген жағдайда кредитор және/немесе Бағдарлама қатысушысы микрокредит беру ұйымының талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімде микрокредитті мерзімінен бұрын өтейді;

     4) Бағдарлама қатысушысының контрагентпен жасасқан тиісті шартта тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басқа мерзімі көзделмесе, Бағдарлама қатысушылары қаржыландырылған күннен бастап 6 (алты) айдың ішінде мақсатты пайдалану бойынша микрокредитті немесе оның бөлігін пайдаланады;

      5) микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қазіргі үйлестес кәсіпкерлердің қызметіне сәйкес келетін, ЭҚЖС экономика секторларында жобаларды іске асыруға ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге берілмейді (ЭҚЖС класының деңгейінде).

       14. Бағдарлама қатысушыларын қаржыландырудың өзге де шарттары кредитордың уәкілетті органының шешімімен айқындалады.

      5-тарау. Бағдарлама қатысушыларына микрокредиттер беру тәртібі

       15. Үміткерлер (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыз) тікелей немесе "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары/ қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар алу үшін және Бағдарлама қатысушыларына сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш білдіреді;

      16. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ Бағдарламаның мүдделі қатысушылары кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысуға жіберіледі.

      17. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша және оқу курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар (болған жағдайда) үміткерлер жобаның бизнес-жоспарын әзірлеп, микрокредитті алу туралы өтінішпен кредиторларға жүгінеді;

      18. Кредиторлар әлеуетті бизнес-жобаны бағалайды, қорытынды шығарады және микрокредитті берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте өз-өзін жұмыспен қамтығандар және жұмыссыздар, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері микрокредитті алуға өтініш бергенге дейін шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін алады;

      19. Кредиторлар микрокредит беру туралы оң шешімді қабылдағаннан кейін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Бағдарлама қатысушыларымен микрокредит беру туралы шарт жасасады.

       20. Кредиторлар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күніне дейін берілген микрокредиттер бойынша ақпаратты микрокредит беру ұйымына ұсынады;

      21. Микрокредит беру ұйымы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 3 (үшінші) күніне дейін жергілікті атқарушы органдарға және уәкілетті органға берілген микрокредиттер жөніндегі ақпаратты береді.

       Уәкілетті орган халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті органға берілген микрокредиттер бойынша ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін береді.

      22. Микрокредит беру ұйымы берілген микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және қарыз шартында көзделген тәртіп пен мерзімде ЖАО және уәкілетті органға тиісті ақпаратты береді.

      6-тарау. Кредиторларға қойылатын талаптар

      23. ЕДБ-ге қойылатын талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының кемінде 7 өңірінде филиалдар желісінің болуы.

      2) негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі 90 күннен артық кешіктірілген берешегі бар кредиттер деңгейі кредиттік келісім жасалған күні 10%-дан аспайды.

       3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындау;

      4) микрокредит беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестілігі.

       24. МҚҰ-ға қойылатын талаптар:

      1) микроқаржы ұйымының меншікті өзіндік капиталы Қазақстан Республикасының Ұлтты Банкі белгілеген ең аз деңгейден төмен болмауы тиіс;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің болуы;

      3) кредитке өтінім берудің алдында 1 (бір) жылдан кем болмайтын негізгі қызметпен айналысу;

       4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындау.

      5) микрокредит беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестілігі.

      7-тарау. Мониторинг

      25. Микрокредит беру ұйымы мыналарды жүзеге асырады:

      1) кредиторлардың қаражатты уақтылы игеруіне мониторинг;

      2) кредиторлардың қаражатты нысаналы пайдалануына, сондай-ақ Бағдарлама қатысушыларының алған микрокредиттерді нысаналы пайдалануына ішінара мониторинг. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушыларының микрокредиттерді нысаналы пайдалануын тексеру, кредиторлар дайындаған қаражатты нысаналы пайдалануды тексеру актісінің негізінде жүзеге асырылатын болады;

      3) Бағдарлама қатысушыларын бұрын берілген микрокредиттерді өтеуден босатылатын қаражат есебінен кредиторлардың уақтылы қаржыландыруына мониторинг.

      26. Кредиторлар қаражаттың игерілуі туралы есептерді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күніне дейін микрокредит беру ұйымына тұрақты негізінде жіберіп тұратын болады. Есепті берудің нысаны мен мерзімдері тиісті кредиттік келісімде көрсетіледі.

      27. Микрокредит беру ұйымы өзінің жалғыз акционерінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Парламенті және мемлекеттік органдар талабы бойынша оларға Бағдарлама қатысушыларының микрокредит алуына, игеруіне, Бағдарлама қатысушыларының микрокрокредитті нысаналы пайдалануына байланысты ақпаратты береді;

      28. Кредиторлар Бағдарлама қатысушыларының қаржыландырылған жобаларына мониторинг жүргізеді. Бұл ретте, Бағдарлама қатысушысының әрбір қаржыландырылған жобасы бойынша жеке кредиттік дерекнама жүргізіліп, онда Бағдарлама қатысушыларының қаражатты нысаналы пайдаланғанын растайтын құжаттар сақталады;

       29. Микрокредит беру ұйымы ай сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 (үшінші) күніне дейін Бағдарлама қатысушыларын қаржыландыруға қатысатын кредиторлардың қаржылық-экономикалық жағдайын талдауды тұрақты негізінде жүзеге асыратын болады.

 

 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 31 қаңтардағы
№ 33 бұйрығына
2-қосымша

 

Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары

 

      1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде әзірленді.

      2. Кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және Бағдарлама шеңберінде қаржыландырылатын кредит/микрокредит ресурстарына кәсіпкерлердің қолжетімділігін кеңейту және қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      3. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты жергілікті атқарушы органдар Микроқаржы ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктердің микрокредиттерге кепілдік беруі туралы шарттың негізінде кепілгерге аударады.

      2-тарау Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      2) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады.

     3) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

     4) микрокредит/кредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыға ұсынатын қарыз қаражаты;

      5) кепілдік беру – кәсіпкердерді осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалатын шарттарда кәсіпкердің кредит/ микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын мемлекеттік қолдау нысаны;

       6) кепілдік – кәсіпкердің міндеттемелері бойынша МҚҰ/ЕДБ алдында кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;

      7) микрокредит беру туралы шарт – МҚҰ мен кәсіпкердің арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша МҚҰ кәсіпкерге микрокредит береді. Микрокредит беру туралы шартқа, кредиттік желі ашу туралы келісім де жатады;

     8) кепілдік шарты – кепілгердің, МҚҰ/Банктің және кәсіпкердің арасында жасалған кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Бағдарламаның 2.1-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;

       9) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – микрокредит бойынша сыйақының банктік қарыз шарты/микрокредит беру туралы шартты жасасқан кезде белгіленген мөлшерлемесі;

       10) жұмыс істеп тұрған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі ЕДБ-ге/МҚҰ-ға кредит/ микрокредит алу үшін өтініш білдірген кезде үш жылдан асатын жеке кәсіпкерлік субъектісі;

      11) кәсіпкер – шағын қалаларды қоспағанда, салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алусыз барлық қалаларда өзінің жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкер және жұмыс істеп тұрған кәсіпкер;

      12) ісін жаңа бастаған кәсіпкер –жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі ЕДБ-ге /МҚҰ-ға кредит/ микрокредит алу үшін өтініш білдірген кезде үш жылдан кем уақытты құрайтын жеке кәсіпкерлік субъектісі;

     13) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      14) уәкілетті орган – кәсіпкерлік саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      15) инвестициялық жоба – негізгі құралдарды сатып алу/салу/жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу, биологиялық/материалдық емес активтерді сатып алу.

      16) кепілгер – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

      3-тарау. Кепілдіктер беру шарттары

      5. Бағдарлама шеңберінде Кепілдік беру шағын қалаларды қоспағанда, қатысушылары салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алмай, барлық қалаларда өзінің жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлаған кәсіпкерлер бола алады.

      6. Бағдарлама шарттарына сәйкес келген жағдайда кепілдік беруге қатысуға мыналар:

       1) МҚҰ/ЕДБ арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлер;

      2) кредит/микрокредит алу үшін өтініш білдіретін күннің алдындағы соңғы есеп беретін күнге салықтарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және бюджетке төленетін әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері жоқ кәсіпкерлер жіберіледі.

      7. Кепілдіктер мыналарға:

       1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысымен бекітілген Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне қосылған металлургиялық өнеркәсіпте жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерді өндеуді қоспағанда тау-кен өнеркәсібінде қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерге;

      3) құрылтайшылары акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және ұйымдар, сонымен қатар жеке мекеме нысанында құрылған заңды тұлғаларға берілмейді.

      8. Мынадай кредиттер/ микрокредиттерге кепілдік берілмейді:

      1) ұйымдар мен кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған;

      2) мемлекеттік даму институттарымен тікелей берілген;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) бұрын алынған кредит/микрокредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;

      5) инвестициялық жобаны іске асыру үшін сомасы жеткіліксіз (өзінің қатысуын ескере отырып).

      9. МҚҰ/ЕДБ Кепілдік беру қағидалары шеңберінде:

      1) кәсіпкерлер бастама жасаған кредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуына байланысты алынатындарды қоспағанда, кредит/ микрокредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

      10. Кепілдіктер қалаларда жаңа микрокәсіпорындарды құруға, бар бизнесті кеңейтуге 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап МҚҰ/ЕДБ беретін микрокредиттер бойынша ғана беріледі.

      11. Кепілгердің шешімі бойынша кредит/микрокредит(тер) бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлік сақтандырылуы тиіс.

      12. Кепілгер кәсіпкерден үлестес және байланысқан заңды және жеке тұлғалардың кепілдіктерін беруді талап етуге құқылы.

      13. Кепілдік беру жылына 6 %-дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады.

      14. Кепілдік беру жүзеге асырылатын бір кәсіпкерге МҚҰ/ЕДБ кредит/микрокредит сомасы 8 мың АЕК аспауы тиіс. Бұл ретте, кредит/микрокредиттер сомасы онымен үлестес тұлғалардың кредит/микрокредиттер бойынша берешектерін есепке алусыз бір кәсіпкер үшін есептеледі. Кредит/микрокредит теңгемен беріледі.

      15. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдік мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85 % дейін құрайды, бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкер кредит/микрокредит сомасының 15 % кем болмайтын мөлшердегі кредит/микрокредит бойынша (кепілдік) қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің есебі жеткілікті болғанда, талап ету құқығының кепілі және жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.

      Жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін қызметтің жаңа түрін құру жағдайында ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестестігіне жол беріледі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушісінің класының деңгейінде).

      16. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкер үшін кепілдік көлемі кредит/микрокредит сомасының 50 % аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит/микрокредит сомасының 50 % кем болмайтын мөлшерде кредит/микрокредит бойынша (кепілдік) қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің есебі жеткілікті болғанда, талап ету құқығының кепілі және жарғылық капиталға қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді .

      17. Берілетін кепілдік мерзімі – қоса алғанда 5 (бес) жылға дейін. 100 % айналымдағы қаражатты толтыруға бағытталған кредит/микрокредит бойынша кепілдік мерзімін қоса алғанда 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды;

      18. Кепілдік шарты жасалатын кредит/микрокредит микрокредит беру туралы дербес шарт/банктік қарыз шарты түрінде ресімделеді.

      19. Кепілгерге жергілікті атқарушы органдар төлейтін кепілдіктің құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды.

      20. МҚҰ/ЕДБ-ге төлеген талаптар шегі кепілгердің кепілдігі бойынша құрылған кредиттік портфельдің көлемінен (берешек қалдығы) 10 %-дан артық асқан кезде, осы МҚҰ/ЕДБ берген кредит/микрокредиттер бойынша кепілдіктерді одан әрі беру тоқтатылады.

      21. МҚҰ/ЕДБ 3 (үш) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша түрде МҚҰ/ЕДБ қызметін жүзеге асыруға шектеулер немесе тыйым салулар қойылған МҚҰ/ЕДБ 10 %-нан астам акцияларына/үлестеріне қатысты меншік құқықтарының бір жолғы сатылуы немесе өзге бір жолғы ауысуы туралы және/немесе иелік ету жане пайдалану құқықтарының ауысуы туралы хабарлайды.

      22. Кепілгер іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын жүргізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыруға құқылы.

      23. Кепілгер мынадай жағдайларда кепілдіктер ұсынудан бас тартады:

       1) жүргізілген болжамды қаржылық талдау және іске асырылып отырған қалада осы жобаның қажеттілігі нәтижелері бойынша жобаның экономикалық орынсыздығы және тиімсіздігі;

      2) Жобаның Бағдарлама шарттарына сәйкессіздігі;

      3) Бағдарлама әлеуетті қатысушысының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредит тарихының жағымсыз болуы.

      4-тарау Кепілдіктер беру үшін Бағдарлама қатысушыларының өзара іс-қимыл тәртібі

      24. Кәсіпкер кредит/микрокредит алу үшін өтінішпен МҚҰ/ЕДБ жүгінеді.

      25. МҚҰ/ЕДБ өз бетінше МҚҰ/ЕДБ ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес кәсіпкердің өтінішін қарайды, жобаның кешенді сараптамасын жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржы жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлігін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнын бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, кепілгердің ішінара кепілдігі мен кредит/микрокредит берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      26. Оң шешім қабылданған жағдайда, МҚҰ/ЕДБ шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде кепілгерге:

       Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кепілдік сомасының есебімен кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешіммен хат;

       Кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес кәсіпкер сараптамасын өткізу үшін микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк кепілгерге беретін құжаттар тізбесін ұсынады.

      27. Кепілгер МҚҰ/ЕДБ құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін алынған құжаттарды қарайды.

      28. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда және / немесе қосымша ақпараттарды ұсыну қажеттігі туындағанда анықталған ескертулер және/немесе ақпарат ұсыну туралы сұрау салуды кепілгер МҚҰ/ЕДБ 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін жіберіледі. Бұл ретте, кепілгер үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

      29. Кепілгер кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда кепілгер 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде МҚҰ/ЕДБ кепілдік берудің мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы кепілгердің шешімі бар хатты жібереді.

      Кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, осындай шешім туралы хат теріс шешімнің себебін көрсетуі тиіс.

      30. Кепілдік берудің мүмкіндігі туралы кепілгердің оң шешімі кезінде МҚҰ/ЕДБ және кәсіпкер микрокредит беру туралы шартын/банктік қарыз шартын, кепілзат(тардың) шарт(тар)ын жасасады. Микрокредит беру туралы шарттың /банктік қарыз шартының көшірмесі кепілгерге жіберіледі.

      31. Кепілгердің оң шешімі бар хатты алғаннан кейін МҚҰ/ЕДБ-нің қалауы бойынша кредит сомасының 50 % дейін жартылай беруге рұқсат етіледі.

       32. Микрокредит беру туралы шарттың/банктік қарыз шартының көшірмесін МҚҰ/ЕДБ алғаннан кейін кепілгер кепілдік беру шартын ресімдейді және оған қол қояды, оны МҚҰ/ЕДБ жібереді.

      33. МҚҰ/ЕДБ кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған шартты кепілгерге жібереді;

       34. МҚҰ/ЕДБ кепілгерден қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит/микрокредит беруді жүзеге асырады.

      35. Шығарылған кепілдіктерді төлеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар кезекті жылдың басында кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіруге бөлінген қаражат сомасының 50 %-ын кепілгерге аударады.

      36. Кепілдік беруге бөлінген қаражаттың қалған бөлігі төмендегідей тәсілмен, кепілдік шарттарын жасауына қарай, жылдың басында кепілгерге аударылған қаражаттың бірінші жартысын толық игергеннен кейін кепілгерге аударылады:

      1) кепілдік шартын жасағаннан кейін кепілгер жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарламаны жібереді;

      2) Жергілікті атқарушы органдар кепілгерден кепілдік шартын жасау туралы хатты алғаннан кейін кепілгердің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 20 % мөлшерінде қаражат аударды жүзеге асырады.

      Осы Қағидалар шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және ағымдағы қаржы жылында кепілгер пайдаланбаған қаражат жергілікті атқарушы органдарға қайтарылады.

      Жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жеткіліксіздігі пайда болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар кезекті қаржы жылында жобаларға кепілдік берудің тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

      5-тарау. Бағдарлама мониторингі

      37. Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті кепілгер жүзеге асырады, оның қызметтеріне мыналар жатады:

      1) МҚҰ/ЕДБ және/немесе кәсіпкер ұсынатын деректердің және құжаттардың негізінде кепілдік шарты жасалған кәсіпкердің мониторингі;

      2) МҚҰ/ЕДБ ұсынатын немесе өзге де сенімді дереккөздер деректерінің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібінің мониторингі.

      38. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін кепілгер кәсіпкерден және МҚҰ/ЕДБ мониторинг нысанасына қатысты қажетті құжаттарды және ақпаратты сұратуға құқылы, ал кәсіпкер және МҚҰ/ЕДБ, оның іске асырылатын орнына шыға отырып, жобаны іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға міндетті.

      39. Кепілгер Бағдарламаның және/немесе кепілдік беру шарттарының талаптары бұзылған кезде, кепілгердің кепілдік беру туралы шешімімен белгіленген кепілдік беру шарттары орындалмаған кезде кепілдікті жояды.

      40. МҚҰ/ЕДБ мыналарды қамтитың кәсіпкер жобасының мониторингін жүзеге асырады:

      1) ай сайын – кәсіпкер жобасы(лары)ның іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі;

    2) жылына бір рет – МҚҰ/ЕДБ ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, бірақ міндетті түрде жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты қамтиды (бизнес-жоспарға) кәсіпкердің жобасы(лары)ның іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі.

       41. Осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес кәсіпкердің жобасы(лары)ның іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті МҚҰ/ЕДБ жазбаша және электрондық түрде есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей кепілгерге жібереді.

      42. Кәсіпкердің жобасы(лары)ның іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі туралы есепті МҚҰ/ЕДБ жазбаша және электрондық түрде есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей кепілгерге жібереді.

      43. Кепілгер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 3 (үшінші) күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдарға және уәкілетті органға қарыз шартында белгіленген нысанға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша ақпаратты береді.

       Уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне берілген микрокредиттер бойынша ақпаратты халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға береді.

      Қалаларда микроқаржы
ұйымдары/
екінші деңгейдегі банктер
беретін микрокредиттер
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры"

      акционерлік қоғамы өңірлік филиалының директорына

      _______________________________________________

      _______________________________________________

      Кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хат

      " " микроқаржы ұйымы / "______" акционерлік қоғамы мынадай шарттармен ___________________ бағдарламасының шеңберінде кредит/микрокредит

беру/кредит желісін ашу туралы оң шешімнің 201_ ж. _____қабылданғанын хабарлайды:

1

Қарыз алушының толық атауы


 

2

Өнім (қаржыландыру) түрі

Жаңартылмайтын кредит желісі/жаңартылатын кредит желісі/ микрокредит/ кредит

3

Кредиттің/микрокредиттің сомасы және валютасы


 

4

Кредит беру мақсаты


 

5

Кредиттің/микрокредиттің мерзімі


 

6

Сыйақы мөлшерлемесі


 

7

Негізгі борышты өтеу тәртібі және мерзімдері


 

8

Сыйақыны өтеу тәртібі және мерзімдері


 

9

Микрокредит бойынша қамтамасыз ету тізбесі

Объектінің атауы, орналасқан жері, кепілді құны ____ теңгеден кем емес. Нарықтық құны _____ теңге;

Объектінің атауы, орналасқан жері, кепілзді құны ____ теңгеден кем емес. Нарықтық құны _____ теңге;

 Жеке тұлғалардың жеке кепілдігі: ТАӘ, ТАӘ .

 Кепілді қамтамасыз етудің жалпы сомасының жиыны ______ теңге.

      Баяндалғанның негізінде, Сізден _____________ теңге мөлшерінде ___айға дейінгі

       мерзіммен кепілдік беру мүмкіндігін қарауды сұраймыз.

       " " микроқаржы ұйымы/"______" акционерлік қоғамы "_________"

      мо

      ________________ ____________________ __________________________

       (лауазымы) (қолы) (мөр орны) (тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

                              (бар болған жағдайда)

      Қалаларда микроқаржы
ұйымдары/
екінші деңгейдегі банктер
беретін микрокредиттер
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
2-қосымша

      Кәсіпкер сараптамасын өткізу үшін микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк кепілгерге беретін құжаттар тізбесі

      1. Жалпы құжаттар:

№ р/с

Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар топтамасында бар барлық құжаттардың ішкі тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі

Микроқаржы ұйымының/екінші деңгейдегі банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің мөрімен/мөртабанымен расталған түпнұсқа

3

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк кредит/микрокредит алуға өтінім

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

4

Соңғы есепті күнге қарағандағы жағдай бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазып, негізгі қаражаттың толық жазылуы, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (дара кәсіпкерлерге арналған)

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5

Кәсіпкердің мөрімен расталған (бар болған жағдайда) жылдың басындағы және соңғы есеп беру күніндегі жағдай бойынша қаржы құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазып, негізгі қаражаттың толық жазылуы, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (дара кәсіпкерлерге арналған) (заңды тұлғаларға арналған)

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

6

 Кірістер мен шығыстар туралы есеп баптарының толық жазылуы – іске асырудан түскен кіріс, өзіндік құны, кезеңнің шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қаралып отырған кезеңдегі ақшалай және заттай мәнде өткізілген өнімнің көлемі

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме немесе түпнұсқа

7

Қаржы ұйымдарынан несиелік берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешегінің болуы туралы анықтама (банктерді қосқанда, кредиттері болған жағдайда)

Түпнұсқа (30 күнтізбелік күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат беріледі)

8

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоғы (бары) туралы анықтама**

 Түпнұсқа (egov.kz анықтама)

9

Екінші деңгейдегі банктердегі барлық қолданыстағы шоттар туралы мәліметтер

Кәсіпкер хатының түпнұсқасы

10

Лицензиялар**, патенттер, квоталар және т.с.с. (егер өтініш берушінің қызмет түрі лицензияланатын болса немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін іске асыру лицензияланатын болса)

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

11

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса):

1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстарды жүргізуге (мердігердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын немесе қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыруға лицензияны қоса бере отырып), қызметтерді көрсетуге шарттар, орындалған жұмыстар актісі, төлем шоттары және т.с.с.;

2) жоспарланған жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (егер кредит құрылыс, реконструкциялау саласында пайдалану үшін берілетін болса және т.с.с. жағдайда) және т.б.;

3) жобаға жеке қатысуын растайтын құжаттар;

4) жобаны қарау шеңберінде микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк пайдаланатын кез келген басқа да құжаттар

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

12

Бизнес-жоспар

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

13

Соңғы және ағымдағы жылдары қолданыстағы және пайдаға асырылған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер

14

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттері болған жағдайда)

көшірмелер

15

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің атынан кредит/микрокредит, кепілзат және кепілдік беру туралы шартты жасайтын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар.

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк мөрімен расталған көшірмелер (кепілдік шартын жасаған кезде Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банкке ұсынуы мүмкін)

      Ескертпе: микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктің құжаттар топтамасын берген күннен бастап қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі 3 айдан аспауға тиіс.

      * бастапқы жобалар бойынша осы құжаттар бар болған жағдайда беріледі.

      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар

      1. Егер кәсіпкер дара кәсіпкер болған жағдайда:

№ р/с

Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Жеке басын куәландыратын құжат

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

2

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, - патент**

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлға түпнұсқамен салыстырған көшірме (egov.kz алынған анықтамаға рұқсат етіледі)

3

Қойылған қолдың үлгісі немесе мөрдің баспа таңбасы бар құжат

нотариат растаған түпнұсқа

4

 Кредит бюросына ақпаратты ұсынуға және кредит есебін алуға кәсіпкердің келісімі

түпнұсқа кепілгер атына беріледі

5

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге кәсіпкердің келісім

түпнұсқа кепілгер атына беріледі

      2. Егер кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болса:

№ р/с

Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Жарғы, оған өзгеріс пен толықтырулар

нотариат растаған көшірме

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама**

нотариат растаған көшірме (egov.kz алынған анықтамаға рұқсат етіледі)

3

Бірінші басшыны тағайындау туралы кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

4

Микроқаржы ұйымына/екінші деңгейдегі банкке және кепілгерге кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сонымен қатар оның өкілеттерін растайтын құжаттар

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5

Кепілдікті тарту туралы шешімді қабылдаған кәсіпкерлердің уәкілетті органының шешімі

кепілгер бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

6

Микрокредит тарту туралы шешімді қабылдаған жеке кәсіпкерлік субъектісі уәкілетті органының шешімі

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қол қою және жеке кәсіпкерлік субъектісі мөрінің баспа – таңбасының үлгілері бар құжат

нотариат растаған түпнұсқа

8

 Кредит бюросына ақпаратты ұсынуға және кредит есебін алуға жеке кәсіпкерлік субъектісі келісімі

түпнұсқа кепілгердің атына беріледі

      Ескертпе:

      Бірнеше беттен құралған құжатты ұсынған жағдайда мұндай құжаттың тігілуі және нөмірленуі немесе құжаттың әр беті уәкілетті тұлғалардың қолымен/мөрмен/мөртабанмен бекемделуі тиіс.

      Қалаларда микроқаржы
ұйымдары/
екінші деңгейдегі банктер
беретін микрокредиттер
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
3-қосымша

      Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламаның аясында
__________________ бастап ______________________ ж. дейінгі кезеңде кәсіпкерлер
жобаларының іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы
"_____________" микроқаржы ұйымының / "__________" акционерлік қоғамы есебі.

№ р/с

Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк атауы

Жеке кәсіпкерлі субъектісінің өтініш білдіру орны (облыс, өңір)

Кәсіпкердің атауы

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5


 

Заңды мәртебесі (жеке кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам)

Микрокредит беру туралы шарт/кредит желісін ашу туралы келісім №

Микрокредит беру туралы шарт/кредит желісін ашу туралы келісім күні

Кредиттің мерзімі


 

6

7

8

9


 


 


 


 


 


 

Кредиттің сомасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі

Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік кезеңі

І

10

11

12

13


 


 


 


 


 


 

Кредит (транш) бойынша беру күні

Қаражатты нақты беру сомасы

Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі


 

14

15

16

17


 


 


 


 


 


 

Кепілдік шартының күні

Кепілгердің кепілдік сомасы

Кепілгердің кепілдік бойынша міндеттемелерін орындау сомасы

Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешек сомасы


 

18

19

20

21


 


 


 


 


 


 

Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен күндер саны

Сыйақыны төлеу бойынша мерзімі өткен күндер саны

Кредит беру объектісі (инвестициялық кредит/ айналымдағы қаражатты толтыру)

Сала бойынша код


 

22

23

24

25


 


 


 


 


 


 

Жоба бойынша бизнес (бастапқы/қолданыстағы)

Микрокредит/Кредит желісін ашу туралы келісімді беру туралы шарт бойынша қолжетімділік кезеңі

Уәкілетті органның/ Микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банк шешімінің күні

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптары бойынша жіктеу санаты


 

26

27

28

29


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

      Лауазымды адам____________________(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

                           (қолы, мөрі)

      Жауапты жұмыс _____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

                                  (қолы)