Call-center 1411

You are here

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасың іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Мақсат. Халықтың нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Бірінші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
2-міндет. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

1-міндет. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
2-міндет. Ауылда және қалада кәсіпкерлік негіздерін қаржыландыру.

Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

1-міндет. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
3-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай алаң құру.