Call-center 1411

You are here

Cтоматологиялық кабинеті «Тасқала Стом»

   Бисенгалиева Диляра Сағынғалиқызы-1990 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 2012 жылы Ақтобе қаласындағы М.Оспанов атындағы медициналық университетін бітіріп, «Стоматолог дәрігері» мамандығын алды. Өз мамандығы бойынша 2012 жылдан бастап жоғары аталған университеттің кафедрасында, жеке клиникаларда жұмысын істеген болатын. 2016 жылдың маусым айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-ші бағыты шеңберінде 2 млн. теңге көлемінде микрокредит алып, «Тасқала Стом» атымен стоматологиялық кабинетін ашты. Алдағы уақытта 2 жаңа жұмыс орынының ашып, өз ісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Мекен-жайы: Тасқала ауылы, Сапарова, көшесі 1А үй. Сот. 8 707 550 84 54

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 11.11.2016