Call-center 1411

You are here

Индербор кентіндегі шағын наубайхана

              Устемирова Зарипа Хайркуловна  16.01.1969 жылы Индербор кентінде дүниеге келген. 1986 жылы Павладар облысы политехникалық колледжінде «Техник технолог» мамандығы бойынша оқып бітіріп, Индербор кентінде «Сүт завотында» лаборант мамандығы  бойынша жұмыс жасаған.1991 жылы тұрмысқа шығып  3 баланы тәрбиелеп отырған  ана. Өз ісін кеңейту мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушы ретінде шағын несие алуға үміткер болып тіркелді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы – шағын наубайхана ашуға 2,0 млн. теңге шағын несие алды. Қазіргі уақытта жұмысын ашып, халықтың сұранысы мен тәтті нан, бәліш, тоқаш тағы сондай басқа әр түрлі нан өнімдерін пісіріп сатуда. Ай сайын  алған шағын несиесін уақытылы төлеп отыр.  Бір адамды жұмыспен қамтып,  халыққа қызмет көрсетуде.

Мекен жайы: Индер поселкесі, Коргантау көшесі 2/1

Телефон: 87011807955

Аймақ: 
Атырау облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 05.07.2016